ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Билік өкілдері әсіре оңшыл "Германия Корольдігі" тобының мүшелерін қамауға алды
Германия билігі бірқатар рейд барысында "Германия Корольдігі" деп аталатын әсіре оңшыл топты таратып, оның негізін қалаушыларымен бірге төрт адамды қамауға алды.
Билік өкілдері әсіре оңшыл "Германия Корольдігі" тобының мүшелерін қамауға алды
/ AP

Германия Ішкі істер министрлігі сейсенбі күні билік өкілдерінің экстремистік топқа қарсы ауқымды рейдтер өткізгенін және өзін "Германия Корольдігі" деп атайтын топтың таратылғанын хабарлады.

Федералдық прокуратура да үш құрылтайшысы бар төрт адамның рейд барысында тұтқындалғанын мәлімдеді.

Министрлік тарапынан “қауіпті экстремистер” деп сипатталған "Германия Корольдігі" — қазіргі Германия Республикасының заңдылығын мойындамайтын "Рейх азаматтары" деп аталатын неміс астыртын қозғалысының бір бөлігі.

Бұл топтың мүшелері Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы Герман империясы әлі де өмір сүріп жатыр деп сенеді.

Министрлік либерал-демократиялық құрылымға шабуыл жасады деп айыпталған топтың таратылғанын ресми түрде жариялады.

Шамамен 6000 жақтаушысы бар делінген топқа қарсы рейдтер елдің жеті аймағында жүргізілді.

Билік өкілдері бұл топтың "Германия Федеративтік Республикасының бар екендігін жоққа шығаратынын және оның құқықтық жүйесін мойындамайтынын" мәлімдеді.

Министрлік аталған топты тарату себебін "мақсаты мен қызметінің қылмыстық заңнамаға қайшы келуі және конституциялық құрылымға қарсы бағытталуы" деп түсіндірді.

Билік соңғы 10 жыл ішінде бұл топтың "жалған мемлекеттік құрылымдар мен мекемелер" құрғанын, олардың ішінде өз валютасы, жеке куәліктері мен сақтандыру жүйесі де болғанын атап өтті.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты