САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Вашингтонның мақсаты тек Ормуз бұғазын қайта ашу ғана емес, сонымен қатар Иранның жаһандық энергия бағасына ықпалын жою екені айтылды.
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді / AP
10 сағат бұрын

АҚШ Израильге Иранға қарсы жүргізіліп жатқан соғыстың болжанғаннан ұзаққа созылатынын хабарлады. Ормуз бұғазын қайта ашуға бағытталған операциялар тағы бірнеше аптаға жалғасуы мүмкін.

Израильдің «Channel 12» телеарнасы жексенбі күні таратқан мәліметке сәйкес, Вашингтонның мақсаты тек су жолын қайта ашу емес, АҚШ сондай-ақ Иранның жаһандық энергия бағасына кең ауқымды ықпалын да жоюды көздейді.

Бұл үшін уақыт қажет болса да, АҚШ шенеуніктерінің стратегиялық өзгерістерге қол жеткізуді қалайтыны айтылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп бастапқыда әскери операцияның төрт-бес аптаға созылатынын мәлімдеп, операциялардың жоспардан ілгері екенін бірнеше рет атап өткен еді.

Израиль армиясының ресми өкілі Эфи Дефрин жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде Иранға және Ливандағы Хезболла тобына қарсы шабуылдардың бірнеше аптаға жалғасатынын айтты.

АҚШ-та орналасқан «Axios» ақпараттық сайты Вашингтондағы және одақтас елдердің шенеуніктері қақтығыс қарқыны бәсеңдеген күннің өзінде, АҚШ-тың бұл үдеріске қатысуы қыркүйек айына дейін созылуына дайындалып жатқанын хабарлады.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары 28 ақпанда басталды. Сол уақыттан бері кемінде 1300 адам қаза тапты. Олардың арасында Иранның бұрынғы рухани көсемі Әли Хаменей де бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Иран бұл шабуылдарға жауап ретінде Израиль, Иордания, Ирак және АҚШ-тың әскери күштері орналасқан Парсы шығанағы елдеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары және зымырандармен шабуыл жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Іздеу
Иранның Израильге жасаған шабуылдарында 100-ден астам адам жараланды
Ресей Украинаның Чернигов қаласын толықтай жарықсыз қалдырды
Түркия Әл-Ақса мешітіне Ораза айт күні жасалған шабуылды айыптады
Түркия Израильдің Сирияға шабуылын айыптады
Израиль Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазын оқуға тыйым салды
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден транзиттік төлем алу мүмкіндігін қарастыруда
Президент Ердоған Ораза айтта бірлікке шақырды
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырды
Пентагон Ирандағы соғысқа 200 миллиард доллар сұрап отыр
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды бақылауға алуды жоспарлауда
Түркия мен Оман басшылары аймақтық шиеленісті талқылады
Президент Ердоған Чанаккале жеңісіне орай құттықтау жариялады
Эрбиль мен Бағдат Түркияның Джейхан порты арқылы мұнай экспорттау жөнінде келісімге келді
Израиль Әли Лариджанидің өлтірілгенін мәлімдеді
Израильдіктер «TRT Haber» түсірілім тобын нысанаға алды