ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ресей Түркияға алғыс айтты
Кремль Ресейдің Украина мәселесін шешуге арағайындық жасауға дайын болғаны үшін Түркияға ризашылығын білдірді.
Ресей Түркияға алғыс айтты
Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайға сапары кезінде. 20 мамыр 2026 жыл (МҰРАҒАТ). / Reuters
 

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында: «Біз түрік достарымыздың Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге үлес қосуды жалғастыруға дайын екенін жақсы білеміз. Осыған байланысты түрік тарапына алғысымызды білдіреміз», – деді.

Песков Ресейдің қақтығысқа қатысты келіссөздердің жақын арада қайта басталуына қатысты үміті жоқ екенін, алайда диалогқа ашық екенін айтты.

Түркия 2025 жылдың жазында Стамбул қаласында Ресей–Украина бейбіт келіссөздерін ұйымдастырған болатын. Биыл келіссөздердің үш кезеңі Әбу-Даби мен Женевада өтті. Алайда Ирандағы соғыстан кейін бұл келіссөздер тоқтап қалды.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бейсенбі күні Киевте Стамбул үдерісін қайта жандандырудың пайдалы болатынын мәлімдеді.

Песков көптеген қақтығыстың «құрылымдық тұрғыдан өте күрделі» екенін айтып, мұндай мәселелерді тек «келісім» арқылы шешу «мүмкін болмауы мүмкін» деген пікір білдірді.

Иран мәселесіне тоқталған Песков Ресейдің басқа елдер сияқты Парсы шығанағындағы тұрақсыздықтың жаңа толқынын алаңдаушылықпен бақылап отырғанын айтты.

«Мұның бәрі жаһандық экономика үшін алаңдаушылық туғызып, жағымсыз салдарын жалғастырып отыр», – деген ол әлемдік экономиканың қазіргі жағдайын «өте ауыр» деп бағалады.

Сонымен қатар Песков Мәскеудің Киевке қатысты барлық жаңалықтарды мұқият бақылап отырғанын жеткізді.

«Біз үшін ең маңыздысы – жағдайды реттеу және өз мүдделеріміздің қорғалуын қамтамасыз ету», – деді ол.

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні министрлер кабинетінде өзгеріс болатынын жариялаған болатын. Бейсенбі күні энергетика саласының менеджері Сергей Корецкийді Украина парламенті жаңа премьер-министр қызметіне бекітті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Іздеу
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті