ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Түркияның қауіпсіздік күштері тарапынан ұзақ жылдарға созылған терроризмге қарсы күрес нәтижесінде мамыр айында PKK террорлық ұйымы қару тастай бастады.
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
/ AA

Ирактың Сүлеймание аймағында PKK лаңкестік ұйымының мүшелері қаруларын тастай бастады. Бұл оқиға Анкараның террорсыз Түркия құруға бағытталған күш-жігеріне сәйкес маңызды қадам болып табылады.

Түрік қауіпсіздік күштерінің лаңкестікке қарсы ұзақ мерзімді операцияларынан кейін PKK мамыр айында таратылып, қаруларын тастайтынын жариялады. Бұл елдің терроризмге қарсы күресіндегі үлкен жетістік ретінде аталды.

Сонымен қатар Түрік мемлекеті лаңкестікке қарсы күресін дипломатиялық алаңда да жүргізді.

Еуропа мен Таяу Шығыстағы халықаралық серіктестерге ұзақ уақыт бойы тұрақты қысым көрсету өз нәтижесін берді. PKK-ның шетел астаналарында еркін әрекет етуі, қаржы жинауы және түрлі саяси жамылғылар арқылы қор қалыптастыруы айтарлықтай азайды. Түркияның геосаяси ықпалының артуы мәселелерді жаһандық державалардың елеп назарға алуына ықпал етті.

Экономикалық байланыстар, энергетикалық дипломатия және аймақтық серіктестіктер арқылы Анкара PKK-ның шетелдегі қолдау желілерін біртіндеп әлсіретті.

Әділет және даму партиясының (АК партия) өкілі Өмер Челик қару тапсыру процесі бірнеше ай ішінде аяқталуы тиіс екенін айтқан болатын.

“NTV” телеарнасына берген сұқбатында Өмер Челик қару тапсыру процесін бақылау үшін Түрік барлау қызметі мен Қарулы Күштерінің өкілдерінен тұратын тексеру тобы құрылатынын білдірді.

Ирактағы қару тапсыру процесі үш-бес ай ішінде аяқталуы керек... Егер бұл мерзімнен асып кетсе, арандатушылықтарға жол ашылады,” - деді Челик.

Түркия 40 жылдан астам уақыт бойы PKK-мен күресіп келеді. Бұл террористік ұйым бейбіт тұрғындар мен Түрік Қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап, 40 мыңнан астам адамды өлтірді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты