ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Канада еркін сауда келісімін талқылайды
Түркия Сауда министрі Өмер Болат пен Канаданың Халықаралық сауда министрі Маниндер Сидху екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті талқылау үшін кездесті.
Түркия мен Канада еркін сауда келісімін талқылайды
Түркия мен Канада еркін сауда келісімін талқылайды / TRT World

Түркия мен Канада еркін сауда туралы келісімге қатысты келіссөздерді бастауға уағдаласты.

Екі елдің Сауда министрліктері сейсенбі күні жариялаған бірлескен мәлімдемеде Өмер Болат пен Маниндер Сидхудың Түркия мен Канада арасындағы нығайып келе жатқан экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында басқосқаны айтылды.

Түркия тарапының мәлімдемесінде: «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Марк Карни арасында жуырда өткен телефон әңгімесінен кейін ұйымдастырылған бұл кездесуде министрлер Түркия мен Канада арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растады», – делінген.

Мәлімдемеде бұл қадам екі елдің сауда әріптестігінің әлеуетін толық пайдалануға деген ниетін көрсететіні атап өтілді.

Мәлімдемеге сәйкес, министрлер екі ел арасындағы байланысты нығайтып, жолаушыларға, кәсіпкерлерге және экспорттаушыларға жаңа мүмкіндіктер беретін Әуе қатынасы туралы келісімнің кеңейтілуін құптады.

Тараптардың пікірінше, әуе қатынасының кеңеюі сауда байланыстарының нығаюына ықпал етіп, екі ел экономикасын жақындата түседі.

Іздеу
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады