ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Емине Ердоған Дүниежүзілік су күнінде су тапшылығына назар аударды
Түркияның бірінші ханымы жаһандық су қатерлерінің артуына байланысты хабардарлықты арттыруға және суды тиімді пайдалануға шақырды.
Емине Ердоған Дүниежүзілік су күнінде су тапшылығына назар аударды
Емине Ердоған Дүниежүзілік су күнінде су тапшылығына назар аударды / AA Archive

Түркия Президентінің жұбайы Емине Ердоған Дүниежүзілік су күніне орай суды пайдалану тиімділігін арттыру үшін көбірек күш салуға шақырып, су мәселесі көптеген ел үшін ұлттық аман қалу, қауіпсіздік және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне айналғанын ескертті.

Жексенбі күні түріктің «NSosyal» әлеуметтік медиа платформасында жариялаған жолдауында Емине Ердоған барша елдің қазіргі уақытта су тапшылығына байланысты артып келе жатқан қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын айтты.

Ердоған: «Идеяларымызды, күш-жігерімізді және ізгі ниетімізді біріктіре отырып, еліміздің су тапшылығын бастан кешіп отырған елдердің біріне айналуына жол бермеуге болады», — деді.

Сонымен қатар Емине Ердоған суды үнемдеу бойынша хабардар болуды арттыруға шақырып, баршаны «суға құрмет, несібеге тағзым және өмірге деген сүйіспеншілік» қағидасымен әрекет етуге және суды пайдалану бойынша бүкіл ел көлеміндегі жұмылдыру шараларына қатысуға үндеді.

Дүниежүзілік су күні жыл сайын 22 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан тұщы су мәселесіне назар аудару және су ресурстарын тұрақты басқаруды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды