ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Түркия Сириядағы жағдайды мұқият бақылауда»
Tүркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған терроризмнен арылған, барлық салада дамып жатқан бейбіт Сирияның өңірлік тұрақтылыққа үлес қосатынын айтты.
Президент Ердоған: «Түркия Сириядағы жағдайды мұқият бақылауда»
Президент Ердоған: «Түркия Сириядағы жағдайды мұқият бақылауда» / AP

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді талқылау үшін телефон арқылы сөйлесті. Түркия президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы телефон әңгімесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған Трампқа Түркияның Сириядағы оқиғаларды мұқият бақылап отырғанын, Сирияның бірлігі, тұтастығы және аумағының бүтін болуы Анкара үшін маңызды екенін жеткізді.

Көшбасшылар сондай-ақ ДАИШ террористік ұйымына қарсы күрес және Сирия түрмелерінде отырған ДАИШ мүшелерінің жағдайы туралы пікір алмасты.

Ердоған террордан арылған, барлық салада дамып жатқан бейбіт Сирияның өңірлік тұрақтылыққа үлес қосатынын ерекше атап өтті.

«Газада бейбітшілік орнату үшін АҚШ-пен бірге әрекет етудеміз»

Газе мәселесіне де тоқталған Ердоған өңірде бейбітшілікті орнықтыруға бағытталған күш-жігердің жалғасып жатқанын айтып, Түркия бұл бағытта АҚШ-пен бірге әрекет етуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Ердоған сондай-ақ Трампқа Газа Бейбітшілік кеңесіне шақырғаны үшін алғыс айтты.

Трамп сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде өте жақсы көретін Ердоғанмен «өте маңызды» телефон әңгімесі болатынын айтқан еді.

Ақ Үй жұма күні Трамптың Газада Израильдің геноцидін түбегейлі тоқтатуды және өңірді қайта қалпына келтіруді көздейтін 20 тармақтан тұратын жоспарын іске асыруда айрықша рөл атқаратын Газа Бейбітшілік кеңесінің құрылғанын хабарлады. Кеңестің міндеті – стратегиялық қадағалауды қамтамасыз ету, халықаралық ресурстарды жұмылдыру.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Газа Бейбітшілік кеңесінің құрылғанын жариялады

АҚШ сондай-ақ Трамптың Газа қақтығысын тоқтатуға бағытталған жоспарының екінші кезеңін іске асыру үшін Газаны басқарудың Ұлттық комитетін, Құрылтай кеңесін және өтпелі кезеңді қолдауға арналған Газа кеңесін құрды.

Трамп кейбір мемлекет басшыларын және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды кеңеске қатысуға шақырды.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады