Түркия мен Әзербайжан қарулы күштер реформасын талқылады
Екі тарап техникалық, білім беру және аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уәде берді.
Түркия мен Әзербайжан қарулы күштер реформасын талқылады
/ AA

Түркия Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы Селчук Байрактароғлу дүйсенбі күні Әзtрбайжанға сапарлай барып, Әзербайжан Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы Керім Велиевпен және Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Хасанов Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың терең тарихи тамырға, ортақ құндылықтарға және өзара сенімге негізделгенін атап өтті.

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың екі ел басшысының арасындағы достық байланыстардың арқасында нығайғанын айтты.

Хасанов сондай-ақ Түркияның Әзербайжанға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанына ризашылығын білдіріп, 15 қыркүйектің Бакудың азат етілуі күніне орай өте маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Байрактароғлу мұндай сапарлардың сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Оның Әзербайжан Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығымен кездесуі Әзербайжан Қарулы Күштеріндегі соңғы реформалар мен екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қамтыды.

Екі тарап сондай-ақ әскери, техникалық және білім беру саласындағы ынтымақтастық, аймақтық қауіпсіздік және өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды