ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Түркияның Украинаға қолдауы жоғары бағаланды
Антониу Кошта: «Түркия — Украинаны қолдауда ‘Еріктілер Коалициясының’ маңызды серіктесі», – деді.
Түркияның Украинаға қолдауы жоғары бағаланды
/ AA
 

Еуропа Кеңесінің Президенті Антониу Кошта Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының екі мемлекетке негізделген шешім жөніндегі конференциясы аясында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, Украинаға Ресеймен соғыста көрсеткен қолдауы үшін Түркияны мақтады.

Кошта дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде кездесудің «жақсы» өткенін айтып, «Түркия — Украинаны қолдауда ‘Еріктілер Коалициясының’ маңызды серіктесі», – деді.

Сондай-ақ Кошта ЕО-ның «әділ және тұрақты бейбітшілікті» қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыратынын атап өтті.

«Тұрақты бейбітшілік үшін барлық салада көшбасшы болуға дайынбыз»

4 қыркүйекте Парижде өткен соңғы «Еріктілер Коалициясының» кездесуі Ресеймен жалғасып жатқан соғыста Украинаға берілген жаңа қауіпсіздік міндеттемелерімен ерекшеленді.

Соғыстың басынан бері Мәскеу мен Киев арасында теңгерім сақтауға тырысқан Түркия бейбітшілікке ұмтылу жөніндегі табандылығын бұл отырыста тағы бір мәрте растады.

Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз Париж саммитінен кейін Анкараның Ресей–Украина соғысында «тұрақты бейбітшілікті орнату үшін барлық салада жетекші рөл атқаруға дайын» екенін жеткізді.

Бұған дейін Түркия ресейлік және украиналық ресми тұлғалардың тікелей келіссөздерін ұйымдастырған, сондай-ақ 2022 жылы қақтығыс басталғаннан бері ең ірі дипломатиялық қадамдардың бірі саналатын Қаратеңіз астық келісіміне делдалдық жасаған болатын.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды