САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылғанын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп кеңестің құрамына ең маңызды мемлекеттердің басшылары кіретінін айтты.
Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылғанын айтты
Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылғанын айтты / Reuters
 

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Газа Бейбітшілік кеңесін құру үдерісі жүріп жатқанын және кеңес құрамына әлемдегі ең маңызды мемлекеттердің басшылары кіретінін мәлімдеді.

Трамп жексенбі күні ұшақта журналистерге берген мәлімдемесінде «Бейбітшілік кеңесі құрылуда. Негізінен ең маңызды мемлекеттердің көшбасшылары болады», - деді.

Ол бастамаға қосылуға халықаралық деңгейде зор қызығушылық барын атап өтіп, «Барлығы бұл құрылымның ішінде болғысы келеді», - деп қосты.

Трамптың төрағалық етуі күтілетін және әлемнің 15 көшбасшысын қамтитын бұл кеңес кейінірек құрылатын палестиналық технократ үкіметтің жұмысын қадағалап, Газадағы қайта қалпына келтіру үдерісін бақыламақ.

Кеңеске қатысады деп күтілетін елдер қатарында Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Катар, Мысыр және Түркия бар. БҰҰ-ның Таяу Шығыс бойынша бұрынғы арнайы өкілі Николай Младеновтың Бейбітшілік кеңесінің жергілікті өкілі ретінде қызмет атқаруы мүмкін екені хабарланды.

Кеңестің осы апта жарияланатыны туралы ақпаратқа қарамастан Трамп нақты мерзім берген жоқ. Трамп әкімшілігі Бейбітшілік кеңесін өткен айда таныстыруды жоспарлағанын, алайда бұл хабарландыру бірнеше рет кейінге шегерілгенін білдірді.

Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газада 71 мыңнан астам палестиналықты өлтіріп, 170 мыңнан астам адамды жаралады. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»