САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Зеленский: «АҚШ Ресейге жеткілікті деңгейде қысым көрсетіп отырған жоқ»
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жағдайға көбірек көңіл бөліп, бейбіт келіссөздер барысында Ресейге жеткілікті қысым көрсетпей отырғанын мәлімдеді.
Зеленский: «АҚШ Ресейге жеткілікті деңгейде қысым көрсетіп отырған жоқ»
Украина президенті Владимир Зеленский / reuters
 

Зеленский Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде 10-11 қараша күндері өткен бейбіт келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу болмағанын айтты.

Киевте BBC-ге сұхбат берген Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың өз жазбасында Ресей президенті Владимир Путинді «досым» деп атауын оғаш қабылдағанын жеткізді.

«Ол – басқыншы әрі адам өлтіруші. Ол дос бола алмайды. Бұл мүмкін емес», – деді Зеленский.

Абу-Дабиде өткен бейбіт келіссөздерде елеулі ілгерілеу болмағанын атап өткен Украина президенті келіссөздердің желтоқсан айында жалғасатынын хабарлады.

Зеленский келіссөздерде нақты нәтижеге қол жеткізу үшін Ресейге қысым көрсете алатын әрі шынайы қолдау білдіретін одақтастардың қажет екенін атап өтті.

«АҚШ қуатты әрі беделді мемлекет ретінде өз мәртебесіне сай әрекет етуі керек. Бейбіт келіссөздер барысында Ресейге жеткілікті қысым көрсетіп отырған жоқ. Таяу Шығысқа көбірек көңіл бөліп отырғаны өкінішті. Осы жағдайға қатысты бізде маңызды сұрақтар бар», – деді ол.

Зеленский «Patriot» әуе қорғаныс жүйелерінің жеткізілуі кешігіп жатқанына да назар аударып, аталған зымырандардың жетіспеушілігі адам өміріне қауіп төндіретінін айтты.

Сонымен қатар Зеленский АҚШ-тың «SpaceX» компаниясына тиесілі «Starlink» спутниктік байланыс жүйесі мен әскери мақсаттағы «Starshield» қызметіне қатысты әлі де күшінде тұрған шектеулер Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы жүргізетін қорғаныс операцияларына кері әсер етіп отырғанын мәлімдеді.

Украина президенті елдің қиын әрі қауіп-қатерге толы қыс мезгіліне дайындалып жатқанын жеткізді.

Іздеу
Әлемдік экономиканың жүрегі Паландөкенде соғады
Жүрдек пойыздар желісі кеңейіп келеді: 2030 жылы желіге 18 қала қосылады
АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты
Индонезияда алтын кенішін су басып, құтқару жұмыстары басталды
Мұнай бағасы төмендеді
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен соғысты қалаған уақытта аяқтай аламыз»
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Израиль шабуылынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Украина: «Ресейдің Запорожьеге жасаған шабуылынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 41 адам жараланды»
Газада менингит ауруы көбейді