АҚШ-тың Миссисипи штатында шағын ұшақ құлап, олардың екеуі бала болған алты адам қайтыс болды.
АҚШ-тың Миссисипи штатында шағын ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 6 адамның (оның екеуі бала) қаза тапқаны хабарланды.
АҚШ Жағалау күзетінің ресми өкілі Хуан Рос Миссисипиде «Cessna 210» үлгісіндегі шағын ұшақтың теңізге құлағанын мәлімдеді.
Ұшақ сынықтарының табылғанын хабарлаған Рос апат орнынан 8 және 10 жастағы 2 бала мен 4 ересек адамның мәйіті шығарылғанын атап өтті.
Әлем бойынша ұшу деректерін қадағалайтын «FlightAware» платформасының мәліметінше, ұшақ Луизиана штатындағы Нью-Орлеан қаласынан Флорида штатындағы Форт-Майерс қаласына бағыт алған.
АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі оқиғаға қатысты тергеу бастады.













