АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғысты қалаған уақытта аяқтай алатындарын мәлімдеп, аралық сайлауда Конгрестегі басымдыққа ие болған Демократиялық партия өкілдерінің қол жеткізілген жеңісті жеңіліске айналдыратынын айтты.
Дональд Трамп «The New York Post» газетіне берген сұхбатында Иранмен соғысқа қатысты пікір білдірді.
2027 жылдың қаңтарынан бастап демократтардың Конгресте басымдыққа ие болуына байланысты Иранға қатысты әскери әрекет ету мүмкіндіктерінің шектелуі ықтимал екенін айтқан Трамп: «Олар жеңісті жеңіліске айналдырады», – деді.
Трамп Иранға қарсы әскери операцияларды жүргізуге 2027 жылдың қаңтар айының соңына дейін жеткілікті қаржы бар екенін атап өтіп, «Бұл соғысты қалаған уақытта аяқтай аламыз», – деді.
Соғыстың алғашқы сағаттарында Хормозган уәлаятының Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылға байланысты Иранның өтемақы талап етіп, сотқа жүгінетіні туралы ақпаратқа қатысты Дональд Трамп: «Мен де олардың өлтірген адамдары үшін өтемақы талап етемін», – деді.













