Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы заңсыз алтын кенішінде ондаған адам қалып қоюы мүмкін деген қауіпке байланысты билік іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.
“Jakarta Globe” басылымының хабарлауынша, сейсенбі күні кешке Богор ауданындағы Сигуха аймағында жер көшкіні салдарынан кеніштің бір бөлігі опырылып, су басқан.
Бірнеше құтқару тобы оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, шахтадағы суды азайтуға тырысуда. Алайда су деңгейі әлі төмендемегендіктен, құтқару жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін.
Алдын ала мәліметке сәйкес, кеншілер екі бөлек шахтада жұмыс істеген. Бірінші топта 16 адам болған, ал екінші топтағы кеншілердің саны әзірге белгісіз.
Сигуха аймағында заңсыз алтын өндіру бұрыннан кең таралған.













