Израиль күштерінің атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан Газа секторындағы тұрғын үйге жасаған шабуылынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тауып, көптеген адам жараланды.
«Шифа» ауруханасының өкілдері шабуыл кезінде қаза тапқан ерлі-зайыптылар мен олардың екі қызының мәйіттері, сондай-ақ жараланған адамдар ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, Израильдің әскери тікұшағы Газа қаласының батысындағы Шати босқын лагерінде орналасқан тұрғын үйге зымыранмен соққы жасаған. Шабуыл салдарынан бір отбасының төрт мүшесі ерлі-зайыптылар мен олардың екі қызы қаза тауып, отбасының басқа мүшелері жараланған.
Израиль күштері Газа секторында 2025 жылдың 10 қазанында күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан шабуылдарын жалғастыруда.
Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдарынан 1 679 палестиналық қаза тауып, 6 100 адам жараланған. Ал 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 74 мың 746-ға, жараланғандар саны 176 мың 234-ке жетті.













