ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Мұнай бағасы төмендеді
АҚШ-тағы мұнай қорының артуы және әлемдік нарықта мұнай ұсынысы сұраныстан асып түседі деген болжамдар салдарынан «Brent» маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 87,88 долларға дейін төмендеді.
Мұнай бағасы төмендеді
Мұнай бағасы төмендеді / aa
 

Бүгін «Brent» маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы алдыңғы күнмен салыстырғанда шамамен 1 пайыз төмендеп, 87,88 долларды құрады. Ал қаңтар айында жеткізілетін «WTI» маркалы Батыс Техас шикі мұнайының бір баррелінің бағасы 81,03 долларды құрады.

Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы шикі мұнай қорының артуымен қатар, әлемдік мұнай ұсынысының сұраныстан асып түсетініне қатысты болжамдардың күшеюі әсер етуде.

Америка мұнай институты әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы ел саналатын АҚШ-тың коммерциялық шикі мұнай қоры өткен апта алдыңғы аптамен салыстырғанда 126 мың баррельге артқанын мәлімдеді. Нарық сарапшылары мұнай қоры 900 мың баррельге артады деп болжаған еді.

Мұнай қорының болжамнан төмен деңгейде артуына қарамастан, бұл көрсеткіш елдегі мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты бәсеңдетіп, бағаның төмендеуіне ықпал етуде.

Сонымен қатар Халықаралық энергетика агенттігі Парсы шығанағы елдеріндегі мұнай экспортының қалпына келуі нәтижесінде жылдың соңғы тоқсанында әлемдік нарықтағы мұнай ұсынысы сұраныстан тәулігіне 2 миллион баррельге артық болуы мүмкін деп болжап отыр.

Сондай-ақ Ливияның Шарара мұнай кен орнымен жалғасатын құбыр арқылы тоқтап қалған мұнай тасымалының қайта жандануы да әлемдік мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты азайтуда.

Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ливияның Ұлттық мұнай корпорациясы құбыр қайта ашылғаннан кейін Шарара кен орнынан шикі мұнай тасымалдау жұмыстарының жанданғанын мәлімдеді.

Корпорация дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде елдің ең ірі мұнай кен орындарының бірі саналатын Шарараға жалғасатын құбырдың клапанын «заңсыз топтың» жауып тастағанын және соның салдарынан тәуліктік мұнай өндірісі шамамен 350 мың баррельге қысқаратынын хабарлаған еді.

Сонымен қатар Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен оған мүше емес бірқатар мұнай өндіруші елдерден құралған ОПЕК+ тобының 29 қарашада өтетін отырысы қарсаңында инвесторлар ұйымның 2027 жылға арналған мұнай өндіру саясатына назар аударуда.

Ал Ормуз бұғазы маңында қауіптің артуы әлемдік мұнай жеткізілімінде іркілістерге әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық мұнай бағасының одан әрі төмендеуін тежеп отыр.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері таратқан жазбаша мәлімдемеде Ормуз бұғазының шығыс бөлігінде рұқсат етілмеген бағытпен жүрген екі мұнай танкерінің теңіз минасына соғылып, өртенгені хабарланды.

Мәлімдемеде аталған танкерлердің Иран «жалған әрі рұқсат етілмеген» деп сипаттаған бағытпен жүзіп бара жатып, теңіз миналарына соғылғаны және жарылыс салдарынан өртенгені айтылды.

Сондай-ақ навигациялық және бақылау жүйелері өшірілген кемелердің экипаждарына ескерту жасалып, АҚШ-тың «өтірігіне» сенбеуге және кемелерінің теңіз миналары орналасқан аймақтарға өтіп кетуіне жол бермеуге шақырды.

Техникалық талдау тұрғысынан «Brent» маркалы мұнай бағасының қарсылық деңгейі 89,89 доллар, ал қолдау деңгейі 83,41 доллар болып белгіленіп отыр.

 

Іздеу
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Украина Ливия жағалауында Ресейдің екі кемесіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Министр Курум: «Ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатпаймыз»
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Трамп Иранға бағытталған шабуылдардың жаңа жылдан кейін қайта басталуы мүмкін екенін ескертті
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты