ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Әлемдік экономиканың жүрегі Паландөкенде соғады
Жаһандық экономиканың болашағы, халықаралық инвестиция мен жаңа сауда мүмкіндіктері бұл жолы Паландөкенде талқыланады. Түркияның жетекші қысқы туризм орталықтарының бірі Паландөкен әлемдік экономика, қаржы және дипломатия өкілдерін қабылдайды.
Әлемдік экономиканың жүрегі Паландөкенде соғады
Әлемдік экономиканың жүрегі Паландөкенде соғады / Anadolu Agency (Wire)
 

II Паландөкен экономикалық форумы 2026 жылғы 4–6 желтоқсан аралығында Түркия Президентінің қамқорлығымен өтеді.

Форум аясында министрлер, елшілер, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды басшылары, жаһандық қаржы әлемінің өкілдері, кәсіпкерлер, азаматтық қоғам ұйымдары мен ғалымдар бір алаңда бас қосады.

«Жаһандық белгісіздік жағдайындағы капитал: инвестицияның жаңа теңдеуі» takырыбымен ұйымдастырылатын форумда әлемдік экономикадағы өзгерістер, капитал ағынының құбылуы, халықаралық сауда, инвестициялық стратегиялар және экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланады.

Форумның алғашқы күні, яғни 4 желтоқсан кеші Паландөкен шыңында алауменен шаңғы көрсетілімімен басталады. Экономика мен дипломатияны қысқы туризммен ұштастыратын шараның ресми ашылуы 5 желтоқсанда өтеді.

Ашылу рәсімінен кейін әлемнің түрлі елдерінен келген жоғары деңгейдегі қатысушылар мен салалық мамандар 10 бөлек сессияда жаһандық экономиканың болашағын, инвестициялық мүмкіндіктерді және өңірлік ынтымақтастық бағыттарын талқылайды.

Үш күнге созылатын форум халықаралық экономикалық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосумен қатар, Ерзурумның туристік, сауда және инвестициялық әлеуетін әлемге таныстауды мақсат етеді.

2026 жылғы ең ірі халықаралық экономикалық кездесулердің біріне иелік ететін Ерзурум тек қысқы туризммен ғана емес, экономика мен дипломатия саласындағы жиындармен де танылуға дайындалуда.

Іздеу
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
“Ресейге қауіп төнсе, ядролық қару қолданылуы мүмкін”
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Украина Ливия жағалауында Ресейдің екі кемесіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Министр Курум: «Ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатпаймыз»
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Трамп Иранға бағытталған шабуылдардың жаңа жылдан кейін қайта басталуы мүмкін екенін ескертті