САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «Парсы шығанағына қарымта соққы болатынын білсек те, Иранға шабуыл жасар едік»
Трамп «Иранға қарсы АҚШ-Израиль шабуылдары ядролық соғыстың алдын алды», - деп мәлімдеді.  Алайда шенеуніктер соғыстың ұзақтығына қатысты әртүрлі болжам айтуда.
Трамп: «Парсы шығанағына қарымта соққы болатынын білсек те, Иранға шабуыл жасар едік»
Трамп: «Парсы шығанағына қорымта соққы болатынын білсек те, Иранға шабуыл жасар едік» / Reuters
3 сағат бұрын

АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағы елдеріне қарымта соққы болатынын білсе де, Иранға қарсы әрекетті жалғастыра беретіндерін айтты. Ол: «Мәселе «Білуіміз керек пе еді?» деген сұрақ емес. Мәселе біле тұра, істелуі тиіс жұмысты атқару», - деді.

Трамп бірнеше Парсы шығанағы елі Иранның шабуылына ұшырағанын айтып, Сауд Арабиясы, Кувейт және Бахрейннің соққы алғанын жеткізді. Сонымен қатар мұндай жағдайды алдын ала нақты болжаған сарапшылар болмағанын атап өтті.

ҚатыстыИранның шабуылдары жалғасып жатыр, Тель-Авивте үлкен жарылыс болды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Ол соғыстың бұл апта аяқталмайтынын, бірақ жақын арада бітетінін және ұзаққа созылмайтынын мәлімдеді. Трамп бұл қадамды өзі қаламаса да, міндет ретінде қабылдағанын жеткізді.

АҚШ президенті: «Егер Иранға қарсы соққы болмағанда, бұл жағдай ядролық соғысқа, тіпті Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін еді», - деді.

Алайда билік өкілдерінің мәлімдемелері бір-біріне сәйкес келмейді. Трамп бастапқыда операция 4-5 аптаға созылады деген болатын.  Ал Энергетика министрі Крис Райт оның бірнеше апта ішінде аяқталатынын айтты. Қорғаныс министрі Пит Хегсет керісінше, бұл тек бастамасы екенін мәлімдеді. Сонымен қатар кейбір деректер АҚШ-тың соғысқа қатысуы қыркүйекке дейін жалғасуы мүмкін екенін көрсетеді.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы 28 ақпанда басталды. Осы уақытқа дейін 1200-ден астам адам қаза тапты. Араларында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи де бар. Сондай-ақ шабуылдарда 14 америкалық әскери қызметкер қаза тапты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты
Іздеу
Түркия  жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен  кеме жіберуде
Сыртқы істер министрі Фидан әзербайжандық және катарлық әріптестерімен сөйлесті
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті
Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады
Эрбильдегі дрон шабуылынан бір адам қаза тауып, жеті француз сарбазы жараланды
Пәкістан Кабул мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарына шабуыл жасады
Түркия Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына алаңдаулы
Бейрутта 2 адам қаза тапты
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті