ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Палестинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның тәуелсіз және егемен Палестина мемлекетінің құрылуына қатысты табанды ұстанымын қайталады.
Президент Ердоған Палестинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты
Президент Ердоған Палестинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Шарм-эль-Шейх қаласында өткен келіссөздер нәтижесінде Израиль мен палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС арасында қол жеткізілген атысты тоқтату келісіміне қуанышты екенін жеткізді. Бұл үдерісте Түркия маңызды рөл атқарды.

Ердоған бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Израиль үкіметін атысты тоқтатуға шақыруда қажетті саяси ерік-жігер танытқан АҚШ президенті Дональд Трампқа, сондай-ақ келісімнің жасалуына маңызды қолдау көрсеткен Катар мен Мысырға алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы Түркияның келісімнің әр тармағының толық орындалуын мұқият бақылайтынын және осы үдеріске үлес қоса беретінін атап өтті.

Сондай-ақ президент: «1967 жылы қабылданған шекара негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын, тәуелсіз, егемен және территориялық тұтастығы бар Палестина мемлекеті құрылғанға дейін күресімізді жалғастырамыз»,- деді.

Ол соңғы екі жылда қайғы мен шығынға ұшыраған палестиналықтарға қолдау білдіріп, олардың қиын жағдайға қарамастан көрсеткен төзімділігі мен қайсарлығын жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Reuters» агенттігіне сұхбат берген дереккөздің хабарлауынша, Трамптың Газа жоспарының алғашқы кезеңіне қатысты келісімге бейсенбі күні сағат 09:00 GMT-де қол қойылуы күтілуде. Келісімге қол қойылғаннан кейін Газа аймағында атысты тоқтату іс жүзінде күшіне енуі тиіс.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады

«The Jerusalem Post» басылымы Катар, Мысыр, АҚШ және Түркияның Газа бейбітшілік келісімінің кепілгерлері ретінде құжатқа қол қойғанын хабарлады.

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату келісіміне келгенін жариялады. Бұл келісім Трамп әзірлеген Тель-Авивтің Газадағы соғысын тоқтатуға бағытталған жоспардың алғашқы кезеңі. Бұл соғыста 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС пен Израиль бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдады

Келісім үш негізгі тармақты қамтиды: израильдік тұтқындар мен палестиналық тұтқындардың босатылуы, Израиль әскерінің шегінуі, жылдар бойы созылған блокада мен соғыстан кейін Газаға аса қажетті гуманитарлық көмектің тез арада жеткізілуі.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді