ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Газада бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Израиль халықаралық аренада барған сайын оқшауланып жатқан тұста Нетаньяху мен АҚШ президенті Дональд Трамп батыс елдерінің Палестина мемлекетін мойындауына байланысты Газада бейбітшілік туралы келіссөз өткізбек.
Трамп Газада бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Израиль халықаралық аренада барған сайын оқшаулануда / Reuters
 

Дональд Трамп дүйсенбі күні Ақ Үйде Беньямин Нетаньяхуды қабылдайды. АҚШ президенті АҚШ пен Израильдің қарсылығына қарамастан бірқатар батыс елінің Палестина мемлекетін мойындағаннан кейін келісімге келуін талап етуде.

Нетаньяху Ұлыбритания, Франция, Канада, Австралия және басқа да кейбір мемлекеттің Палестина мемлекетін мойындау шешімін «ұят» деп қатаң сынға алды. Бұл АҚШ-тың ең басты одақтастарының дипломатиялық ұстанымындағы елеулі өзгеріс ретінде бағалануда.

Бұл елдер Израиль–Палестина қақтығысында екі мемлекет негізіндегі шешім мүмкіндігін сақтау және Израильдің соғысын тоқтату үшін мұндай қадамның қажет екенін мәлімдеді.

Палестинаны мойындау әрекеттерін Хамасты марапаттау деп сынаған Трамп жексенбі күні “Reuters” агенттігіне берген сұхбатында Нетаньяхудың Палестина аймағындағы соғысты аяқтау үшін бір келісімге келуге үміт білдіретінін айтты.

Телефон әңгімесінде Нетаньяхудың лақап атын да қолданған Трамп: «Өте жақсы жауап алып жатырмыз, өйткені Биби де келісімге келуді қалайды. Барлығы келісімге келуді қалайды», – деді.

Трамп Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Иордания және Мысыр басшыларына берген көмегі үшін алғысын білдіріп, келісімнің тек Газамен шектелмей, кең ауқымды Таяу Шығыс бейбітшілігін көздейтінін атап өтті: «Бұған Таяу Шығыстағы бейбітшілік делінеді, бұл тек Газа емес. Газа – оның бір бөлігі. Бұл – Таяу Шығыстағы бейбітшілік».

Газадағы бейбітшілік жөніндегі бір сұраққа жоғары лауазымды бір израильдік шенеунік: «Мұны айту үшін әлі ерте», – деп жауап берді. Ол Нетаньяхудың дүйсенбі күні Трамппен кездесуде ұсынысқа Израильдің жауабын беретінін қосты.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»