ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған "Палестинаны мойындау кеш те болса маңызды» деді
Босфор дипломатия форумында Түркия президенті Газа секторында аштықтың қару ретінде қолданылып жатқанын ескертіп, аймақтық қақтығыстарға жаһандық немқұрайлылықты айыптады.
Ердоған "Палестинаны мойындау кеш те болса маңызды» деді
Ердоған "Палестинаны мойындау кеш те болса маңызды» деді / AA
28 Қыркүйек 2025

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Палестина мемлекетін мойындауды «әділеттілік жолында маңызды қадам» деп атап өтті, бірақ бұл қадам Газа секторында ондаған мың адам қаза тапқаннан кейін ғана жасалғанына өкініш білдірді.

Стамбулда өткен Босфор дипломатия форумында сөз сөйлеген Ердоған бірнеше елдің Палестинаны мойындауын «кешіксе де маңызды» деп сипаттады.

«Өткен қателіктерді түзетуге бағытталған кез келген әрекет құпталады. Бұл қадам ерте басылмады? 65 мың жазықсыз адам қаза таппай тұрып басылса болмас па еді?» деп сұрады ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті Ердоған «Газада соғыс жоқ, бұл - геноцид" деді

Израильге қатты сын

«Газадағы мәселені тек ХАМАС-қа ғана байланыстыратындар шындықтың мүлдем басқа екенін жайымен түсіне бастады», – деді Ердоған. Ол аштықтың бейбіт тұрғындарға қарсы «жаппай қырып-жою қаруы» ретінде «жауапсыз» қолданылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Газа секторына блокаданы бұзуға дайындалып жатқан жаһандық “Sumud” флотилиясы белсенділеріне сәлем жолдап, олардың жолының ашық болуын тіледі.

Аймақтық және жаһандық жауапкершілік

Түркия басшысы халықаралық реакцияның жеткіліксіздігін сынға алып, Нетаньяхудың БҰҰ Бас Ассамблеясында «бос орындарға» сөз сөйлегенін атап өтті. «Бұл геноцидтік желінің басшысы өз өтіріктері мен қорқытуларына аудитория таба алмады», – деді ол.

Ердоған «Газада, Йеменде, Сирияда, Суданда, Сомалиде көшелерде қаза тапқан әрбір адам біздің жүрегімізден бір бөлікті жұлып алады. Барлығы бей-жай қараса да, біз аймағымыздағы азапқа, зұлымдыққа және шексіз қақтығыстарға бей-жай қарай алмаймыз», – деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Палестина мемлекетінің құрылуы үшін маңызды қадам басуды талап етті

Түркияның рөлі және жаһандық тәртіп

Түркияны тұрақтылықтың күші ретінде таныстыра отырып Ердоған өз елінің «әділетті бейбітшілік үшін жұмыс істеп жатқанын» және Таяу Шығыста «берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге» ұмтылатынын айтты.

Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңімпаз державалар құрған тәртіптің қазір «өзінің функционалдығы мен сенімділігінен айрылғанын» атап өтті. Нәтижесінде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнына «соғыс пен тұрақсыздықтың шексіз циклы» келгенін ескертті.

Президент өз сөзін «Соғысқұмарлар отқа май құйып жатқанда, Түркия Палестинада, Газада және бүкіл аймақта бейбітшілікке жол ашуды жалғастыруда», – деп аяқтады.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді