ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Алтын бағасы төмендеді
Энергия бағасының өсуі мен инфляцияның күшеюі жаһандық нарыққа қысым жасап, алтын бағасын төмендетті.
Алтын бағасы төмендеді
Алтын бағасы төмендеді / Reuters
 

Бейсенбі күні таңертең алтын бағасы унциясына шаққанда 4 500 доллардан төмендеді. Таяу Шығыстағы қақтығыстар нарықтағы құбылмалылықты күшейтіп, алтын құймаға қысымды арттыруымен қатар шығындарын да ұлғайтты.

GMT уақыты бойынша 06:05-те алтын унциясы 4 426,50 доллардан саудаланып, күн ішінде 1,6% арзандады.

Бағаның төмендеуі соңғы апталардағы күрт әрі құбылмалы сатылымдардан кейін болды. 28 ақпанда соғыс басталғалы бері алтын бағасы 15% төмендеп, 2026 жылғы қаңтардағы унциясына 5 595 доллар болған рекордтық деңгейден айтарлықтай төмен саудалануда.

Өткен апта алтын бағасы 10% құлдырап, 1983 жылдан бергі бағаның ең ауқымды төмендеуі тіркелді.

Күмістің де бағасы төмендеді. 2% арзандап, 69,73 доллар болды.

Бұл құбылмалылық америкалық және ирандық шенеуніктердің бір-біріне қайшы мәлімдемелерінен кейін күшейді.

Ақ Үй бейбіт келіссөздер жалғасып жатқанын мәлімдесе, Тегеран АҚШ-тың ұсыныстарын қабылдамай, Ормуз бұғазын бақылауды жалғастырып, өз талаптарын алға тартты.

Алтын әдетте дағдарыс кезінде сенімді актив саналады. Бірақ мұнай бағасының қымбаттауы мен инфляцияның артуы пайыздық мөлшерлемелердің ұзақ уақыт жоғары болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан табыс әкелмейтін алтынға қызығушылық азайды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мұнай бағасы артты

Таяу Шығыстағы соғыс энергия бағасын көтеріп, әсіресе Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдердің тоқтауына қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Қаржы нарығына да кең ауқымды қысым болды.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»