ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазын оқуға тыйым салды
Басып алынған Шығыс Иерусалимде тыныштық орнап, дүкендер жабылғандықтан мұсылмандар айт мерекесін көңілсіз қарсы алуда.
Израиль Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазын оқуға тыйым салды
Израиль Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазын оқуға тыйым салды / AP

Израиль билігі Иранға қарсы соғысқа байланысты енгізілген қауіпсіздік шектеулерін сылтау етіп, басып алынған Шығыс Иерусалимде орналасқан Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазын оқуға тыйым салды.

Палестиналықтар Рамазан айының аяқталуына орай мұсылмандарды намаздарын Әл-Ақса мешітіне жақын жерде оқу үшін Ескі қала маңына жиналуға шақырды.

Израиль полициясы бұған дейін Әл-Ақсаға енгізілген шектеулерге наразылық білдіріп, Ескі қала қорғандарының сыртында намаз оқыған палестиналықтарға қарсы резеңке таяқ, дыбыс гранаталары және көзден жас ағызатын газ қолданған болатын.

ҚатыстыИЗРАИЛЬ КҮШТЕРІ АҚСА МЕШІТІНІҢ СЫРТЫНДА НАМАЗ ҚЫЛҒАН МҰСЫЛМАНДАРҒА ТИІСТІ - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Басып алынған Шығыс Иерусалим биыл айт мерекесіне көңілсіз кірді.

Ескі қала әдетте мереке қарсаңында палестиналықтарға толы болатын. Бұл жолы елес қалаға ұқсап қалған.

Израиль қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салып, аймаққа кіруді шектеді. Палестиналық саудагерлердің дүкендерін ашуына кедергі келтіріліп, тек дәріханалар мен негізгі азық-түлік дүкендеріне ғана рұқсат берілді.

Израильдің қарымта әрекеттерінен қауіптенгендіктен аты-жөндерін жариялауды қаламаған палестиналық кәсіпкерлер бұл шектеулер ауыр экономикалық тығырыққа тірегенін айтты.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды