ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ-та мыңдаған оқу орны ауқымды кибершабуылға ұшырады
Қылмыстық шантаж ұйымы “ShinyHunters” “Instructure” жүйесіне кіргенін айтып, төлем талап етті.
АҚШ-та мыңдаған оқу орны ауқымды кибершабуылға ұшырады
"ShinyHunters Instructure-ды (тағы да) бұзды," делінген ескерту. [Пенн университетінің "Canvas" сайты] / Other

АҚШ-та Harvard, Stanford және тағы мыңдаған оқу орны ауқымды кибершабуылға ұшырады.

2019 жылдан бері белсенді екені белгілі ShinyHuntersкибершантаж тобының бейсенбі күнгі шабуылынан Canvas оқу платформасына кіру бұғатталды.

Топ 8 809 университет, мектеп және онлайн білім беру платформасынан 280 миллион студент пен қызметкердің жазбасын қолға түсіргенін хабарлап отыр.

Harvard Crimson студенттік газеті мен әлеуметтік желідегі жазбаға қарағанда, жүйеге кірмек болған студенттер хакерлік топтың Canvas-тың бас компаниясы Instructure серверлері «қайтадан» бұзылғаны туралы хабарламасын көрген.

Топ мектептер 12 мамырға дейін өздерімен байланыспаса, ұрланған барлық деректі жариялайтынын айтып қорқытты.

Хабарламада ShinyHunters тобы Canvas арқылы қолға түсіргенін мәлімдеген мектептер тізіміне сілтеме берілген.

Columbia University, Rutgers, Princeton, Kent State, Harvard және Georgetown сияқты АҚШ-тағы көптеген университет ел бойынша оқу орындарына әсер еткен кибершабуыл туралы студенттерге ескерту жариялады.

Оқиға АҚШ-тың Калифорния, Флорида, Джорджия, Оклахома, Орегон, Невада, Солтүстік Каролина, Теннесси, Юта және Вирджиния штаттарындағы мектеп аймақтарына да әсер етті.

Stanford университеті Canvas платформасының қазіргі уақытта қолжетімсіз екенін мәлімдеп, Instructure жақында ел көлемінде ақпараттық қауіпсіздік мәселесі болғанын және оның бақылауға алынғанын хабарлағанын қосты.

Instructure алғашқы мұндай оқиға кезінде ұрланған деректер арасында пайдаланушылар бөліскен жеке хабарламалар, сондай-ақ аты-жөні, электрондық пошта мекенжайлары және студенттік ID нөмірлері сияқты жеке мәліметтер болғанын мәлімдеді.

Іздеу
“Иран МАГАТЭ инспекторларының елге қайта кіруіне келісім берді”
Францияда аптап ыстық
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа соққы жасадық»
Израиль күштері Батыс Шерияда екі адамды өлтірді
Сирия президенті елінің Ливанға қатысты жаңа көзқарасын түсіндірді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді
Ресей 522 украиналықтың мәйітін тапсырып, 33 ресейлік сарбаздың денесін алды
Пәкістан 24 шілдеге дейін Үндістанға өз әуе кеңістігін жапты
Ресей Киевке шабуыл жасады
Жасанды интеллект алаяқтығы 442 млрд доллар шығын келтірді
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Индонезияда 6,7 баллдық жер сілкінісі болды
Иран: «Исламабад келісіміне Женевада қол қойылады»
Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады