Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты
Батыс Ява өңірінде ауқымды жер көшкіні болды. Іздеу-құтқару операциялары 12 күннен бері жалғасуда.
Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты / AFP
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған жер көшкінінен 85 адам қаза тапқан.
«Kompas TV» мәліметінше, құтқарушылар апат аймағынан тағы да бірнеше мәйіт тапқан, нәтижесінде расталған адам шығыны 85-ке жеткен.
Билік өкілдері егжей-тегжейлі мәлімет бермей отыр, алайда әлі де жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Сенбі күні «Bandung» іздеу және құтқару агенттігінің өкілі «қаза тапқандар саны 70» деп жарияланған кезде, 10 адамның әлі табылмағанын айтқан еді.
24 қаңтарда Батыс Бандунг ауданындағы бір ауылда жер көшкіні болып, ондаған үй лай мен үйінді астында қалған. Аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.