ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Индонезияда көшкіннен қаза тапқандар саны 70-ке жетті
Батыс Явадағы іздеу-құтқару жұмыстарына 3 мыңнан астам қызметкер тартылған.
Индонезияда көшкіннен қаза тапқандар саны 70-ке жетті
Индонезиялық құтқарушылар Батыс Явадағы Пасир Лангу ауылында, 2026 ж 27 қаңтар. / Reuters
 

Индонезияда өткен аптада болған жер көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті. Ал Батыс Ява провинциясында жоғалған 10 адамды іздеу-құтқару жұмыстары тоғызыншы күн қатарынан жалғасып жатыр. Бұл туралы мемлекеттік “Antara News” агенттігі хабарлады.

Билік өкілдерінің мәліметінше, сенбі күні оқиға орнынан тағы 10 адамның мәйіті табылып, осылайша қаза тапқандар саны 70-ке жеткені ресми түрде расталды. Бандунг іздеу және құтқару агенттігінің басшысы Аде Диан Пермана шамамен 10 адамның әлі де хабар-ошарсыз кеткенін айтты.

Пермана жексенбі күні де іздестіру жұмыстары із кесуші иттер мен ауыр техника көмегімен жалғасқанын, жалпы саны 3 713 қызметкердің операцияға қатысып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытқа дейін 49 адамның жеке басы анықталып, мәйіттері отбасыларына тапсырылған. Ал 78 адам тірі күйінде құтқарылған.

Жер көшкіні өткен сенбі күні Батыс Бандунг аймағындағы бір ауылды басып, көптеген үйді балшық пен қирандылардың астында қалдырған.

Жер бедері күрделі аймақта іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

Іздеу
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді