ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Мемлекеттік телеарнада жарияланған кадрлардан медбикелердің жаңа туған нәрестелерді ауруханадан эвакуациялап, оларды қауіпсіз жерге көшіруге тырысып жатқаны көрінеді.
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды / Reuters

Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, АҚШ пен Израильдің әуе соққылары жексенбі күні Тегеранның солтүстігінде орналасқан Ганди ауруханасын нысанаға алды.

Мемлекеттік телеарнада көрсетілген бейнежазбаларда аурухананың сынған терезелері мен ғимарат қасбетінің кейбір бөліктеріне зақым келгені байқалады. Шабуылдан кейін аурухана айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, медициналық топтар ғимарат ішінде тексеру жұмыстарын жүргізді. Кадрларда медбикелердің жаңа туған нәрестелерді ауруханадан шұғыл эвакуациялап, басқа жерге ауыстыруға тырысқан сәттері көрсетілген.

Бұған дейін Иран Қызыл Жарты ай қоғамы өздерінің орталық ғимараты мен бірнеше аурухананың шабуылға ұшырағанын растайтын бейнежазбаларды жариялаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

АҚШ пен Израиль сенбі күні Иранға қарсы кең ауқымды шабуыл бастад, бұл операция барысында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеиді қоса алғанда, бірнеше жоғары лауазымды жетекшілер өлтірілді. Иран бұған жауап ретінде Израильді, АҚШ нысандарын және Парсы шығанағының бірнеше елін нысанаға алған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандар арқылы қарымта соққы берді.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль мен АҚШ өткен жылдың маусым айында Иранға осыған ұқсас шабуыл жасаған болатын, бұл оқиға атысты тоқтату жарияланғанға дейін 12 күндік соғысқа ұласқан еді.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты