САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп ХАМАС-пен нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді
Трамп жағдайдың бақылауда болатынын айтып, уақыттың маңызды екенін атап өтті.
Трамп ХАМАС-пен нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді
Трамп ХАМАС-пен нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Мысырда өтетін шешуші кездесудің алдында Газаға қатысты бітім ұсынысы жөнінде ХАМАС-пен жүріп жатқан келіссөздердің қарқынмен ілгерілеп жатқанын айтты.

Дональд Трамп «Truth Social» әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында:«Демалыс күндері ХАМАС-пен және әлемнің түкпір-түкпіріндегі (араб, мұсылман және өзге де) елдермен нәтижелі келіссөздер жүргізілді. Мақсат -  тұтқындарды босату, Газада соғысты тоқтату және ең бастысы Таяу Шығыста бейбітшілік орнату. Бұл келіссөздер өте нәтижелі өтті және қарқынды ілгерілеуде. Техникалық топ егжей-тегжейлерді нақтылап, жұмыс істеу үшін дүйсенбі күні Мысырда басқосады. Алғашқы кезең осы апта аяқталуы тиіс, сондықтан барлығынан тез әрекет етуді сұраймын»,  - деді ол.

АҚШ президенті жағдайды бақылайтынын айтып, «Уақыт маңызды, әйтпесе қантөгіс болуы мүмкін», - деп ескертті.

Мысыр келіссөздері

Жексенбі күні таңертең ХАМАС жетекшілерінің бірі Халил әл-Хайяның басшылығындағы делегацияның Мысырға келгені және олар бітім, Израиль армиясының шегінуі және тұтқын алмасу мәселелеріне қатысты келіссөз бастайтыны хабарланды.

Сапардың барысы мен күн тәртібінің нақты мазмұны жарияланбады.  Жаңа келіссөз Газада шамамен екі жылға созылған Израиль соғысын тоқтатуға бағытталған аймақтық және халықаралық күш-жігер аясында өтуде.

Израиль тарапы бұған дейін Трамптың Газа жоспары аясында ХАМАС-пен тұтқын алмасуға қатысты жанама келіссөз жүргізу үшін делегацияның дүйсенбі күні Мысырдың Қызылтеңіз жағалауындағы Шарм-эл-Шейх курортты қаласына баратынын хабарлаған болатын.

29 қыркүйек күні Дональд Трамп 20 тармақтан тұратын жоспарды ұсынды. ХАМАС жоспарды принципті түрде қолдайтынын мәлімдеп, келесі келіссөздердің Мысырда өткізілуі жоспарланып отырғанын жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Газада бейбітшілік жоспарын ұсынбақ

Израиль армиясы 2023 жылдың қазан айынан бері Газада 67 мыңнан астам палестиналықты өлтірді. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.  Тұрақты әуе шабуылдары аймақты өмір сүруге жарамсыз етіп, жаппай қоныс аударуға, аштыққа және аурулардың таралуына әкелді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті