ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған «F-16» апатына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді
Сәрсенбі күні Балыкесир қаласында құлаған әскери ұшақ апатынан бір ұшқыш шейіт болды.
Президент Ердоған «F-16» апатына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді
Президент Ердоған «F-16» апатына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Балыкесирде Түрік Әуе күштеріне тиесілі «F-16» жойғыш ұшағының құлауы салдарынан ұшқыштың қаза тапқанын хабарлап, апаттың себептерін анықтау үшін тексеру мен тергеу жұмыстарының басталғанын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Анкарада өткен іс-шарада сөз сөйлеген Ердоған бұл қазаға қатты қайғырғанын айтып, Әуе күштерінің ұшқышы майор Ибрагим Болатқа дұға оқыды және оның отбасына, Түрік Әуе күштеріне, бүкіл түрік халқына көңіл айтты.

Президенттің айтуынша, апаттың қалай болғанын анықтау үшін құзырлы органдар жан-жақты тергеу жұмыстарын бастап, тиісті мекемелер барлық қажетті шараларды жүзеге асыруда.

Бұған дейін Ұлттық қорғаныс министрлігі ұшақпен байланыс жоғалғаннан кейін әскери ұшақтың құлағанын мәлімдеген болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркияда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Министрлік ақпаратына сәйкес, ұшақ жергілікті уақытпен 00:56-да (сейсенбі 21:56 GMT) Балыкесирдегі тоғызыншы негізгі авиация базасынан ұшып шыққан.

 

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты