Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
18 наурызда стамбулдық клубты Энфилдтағы қарымта матч күтіп тұр.
Галатасарай Стамбулда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында Ливерпульді 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шығуға бір қадам жақындады.
Жартылай қорғаушы Марио Леминаның алғашқы минуттарда соққан голы түрік командасының матчты қарқынды бастауына мүмкіндік берді.
Түркиялық клуб бірінші таймның басым бөлігінде ойынды толық бақылауда ұстап, есеп айырмасын ұлғайтатын бірнеше мүмкіндікке ие болды.
18 наурызда стамбулдық клубты Энфилдтағы қарымта матч күтіп тұр. Кездесу Ливерпуль қаласында өтеді. 1/4 финалға шығу үшін Галатасарай келесі ойында тең нәтиже немесе жеңіске жетуі керек.
Айта кетейік Галатасарай италиялық Ювентусты жарыстан шығарып, 1/8 финалға өткен болатын.