ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ әскери-теңіз күштеріне зымыранмен соққы берді
Иран БАҚ-тары Тегеранның Иранға тиесілі танкерге жасалған АҚШ шабуылы деп сипатталған оқиғадан кейін АҚШ күштеріне жауап қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар, “Fox News” АҚШ армиясы Кешм порты мен Бендер-Аббасқа шабуыл жасағанын хабарлауда.
Иран АҚШ әскери-теңіз күштеріне зымыранмен соққы берді
АҚШ Иранның зымырандарын тойтару үшін Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында бірнеше басқарылатын зымырандық эсминецтерді қолдануда. [Мұрағаттық сурет] / AP

Иран мемлекеттік медиасы аты-жөні жарияланбаған әскери шенеунікке сілтеме жасап, Ормуз бұғазы аймағында әрекет етіп жүрген АҚШ әскери-теңіз күштері Иранға тиесілі мұнай танкеріне шабуыл жасағаннан кейін Иранның зымыранмен соққы бергенін хабарлады.

Жұма күні таңертең жарияланған хабарда Иранның зымырандық шабуылдары салдарынан зақымданған АҚШ әскери кемелерінің шегінуге мәжбүр болғаны айтылды.

Оқиғаның нақты қашан болғаны хабарланған жоқ.

Fox News тілшісі X платформасындағы жазбасында жоғары лауазымды америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ армиясының Кешм порты мен Бендер-Аббасқа шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Пентагон бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Алайда АҚШ әскері сәрсенбі күні Ирандағы портқа қарай бет алған Иран туы ілінген мұнай танкерін істен шығарғанын хабарлаған болатын.

АҚШ әскері F-18 жойғыш ұшағы арқылы танкердің рөліне соққы жасалғанын мәлімдеді.

Бендер-Аббас пен Кешм аралы маңында жарылыстар

Сонымен қатар Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, Бендер-Аббас пен Кешм аралы маңында жарылысқа ұқсас дыбыс естілген.

Жартылай ресми Fars ақпарат агенттігі жергілікті тұрғындардың Бендер-Аббас маңында жарылыс дыбысын естігенін хабарлап, Бахман айлағының кейбір бөліктері Иран күштері мен «жау күштері» арасындағы қақтығыс кезінде соққыға ұшыраған болуы мүмкін екенін қосты.

Tasnim агенттігі аймақтағы жарылыстарды растап, олардың Ормуз бұғазында әрекет ететін Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының  Әскери-теңіз күштерінің ескерту кемелерімен байланысты болуы мүмкін екенін алға тартты.

Иран мемлекеттік телерадиокорпорациясы IRIB Кешм аралындағы айлақтардың бірінде жарылыс болғанын және оқиғаның әлі де тергеліп жатқанын хабарлады.

Басқа ирандық ақпарат көздері де жарылыстар туралы хабарлағанымен, Израиль әскері AFP агенттігіне «мұндай шабуыл туралы хабардар емес екенін» мәлімдеді.

Mizan агенттігі Кешмде естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғаныс жүйелерінің бірнеше шағын ұшқышсыз аппаратты жоюы салдарынан болғанын хабарлады.

Tasnim агенттігі болса, Бендер-Аббаста екі ұшқышсыз ұшу аппаратының әуе қорғаныс жүйелері арқылы атып түсірілгенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Иран мен  АҚШ-ты диалогқа шақырды
Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді