Ердоған: «Түркия қайта қалыптасып жатқан жаһандық тәртіпте орталық держава ретінде бой көрсетеді»

Түркия президенті «Біз күш-жігеріміздің жемісін көретін жаңа дәуірге қадам басып отырмыз», - деді.

By
Ердоған: «Түркия қайта қалыптасып жатқан жаһандық тәртіпте орталық держава ретінде бой көрсетеді» / Reuters Archive

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия жаңадан қалыптасып жатқан әлемдік тәртіпте орталық күштердің біріне айналатынын мәлімдеді.

Түркия Кәсіпкер іскерлер конфедерациясының кезектен тыс 7-ші Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ердоған: «Сирияда болғаны секілді ендігі жерде пидақорлығымыз бен күш-жігеріміздің қайтарымын алатын, тарих пен ар-ұжданның дұрыс жағында тұрудың жемісін жинайтын жаңа дәуірге қадам басып жатырмыз», — деді.

«Әлем біртіндеп біз айтқан бағытқа қарай жылжып келеді. Көптеген жыл бойы жаһандық саясатқа қатысты айтқан сындарымыздың негізділігі бүгінде айқын көрініп отыр», — деп қосты ол.

Ердоған Түркияның жолы мен тағдыры жарқын екенін, жаңа есіктер ашылып, жаңа мүмкіндіктер туатынын және күткеннен де зор мүмкіндіктердің пайда болатынын айтты.

Президент «Біз дастандарымыз жатқа оқылатын, жетістіктерімізді дос та, дұшпан да айтып жүретін және ұлы әрі қуатты Түркия бой көтеретін мүлдем бөлек сапардамыз», — деп толықтырды.

Кәсіпкерлер мен іскер топ өкілдеріне көптеген жыл бойы Түркияның дағдарысқа, хаосқа, толқуларға және экономикалық қиындықтарға тап болуын күткен экономистерге мән бермеуге кеңес берді.

«Экономикалық жендеттердің «болжам» деп нарыққа шығарған қараңғы сценарийлеріне сенбейміз», — деді ол.

Гренландия үшін делдалдық рөлі

Осы арада АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Гренландия мәселесіне қатысты шиеленіс артқан кезде Түркия АҚШ пен Еуропа арасында делдалдық рөл атқаруы мүмкін екенін айтты.

Брукингс институтының Сыртқы саясат бағдарламасы аясындағы Строуб Тэлботт атындағы Қауіпсіздік, стратегия және технология орталығының сарапшысы Филип Гордон Түркияның ұстанымы трансатлантикалық қарым-қатынастар шиеленіскен кезде маңызды болғанын мәлімдеді.