ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
НАТО-ның әуе кеңістігін қорғау міндеті Түркия Әуе күштеріне өтеді
Мерзифондағы 5-негізгі авиациялық базаның қолбасшысы, бригада генералы Алпер Гезеравджы Түркия Әуе күштерінің қорғаныс және бақылау міндеттерімен қатар, жоғары тежеу және соққы беру әлеуетіне ие екенін атап өтті.
НАТО-ның әуе кеңістігін қорғау міндеті Түркия Әуе күштеріне өтеді
НАТО-ның әуе кеңістігін қорғау міндеті Түркия Әуе күштеріне өтеді / َAA
 

Амасия облысының Мерзифон ауданындағы 5-негізгі авиациялық базаға қарасты 151-авиациялық эскадрильяның әскери бөлімшелері НАТО-ның әуе кеңістігін күшейтілген бақылау жөніндегі 73-миссиясы аясында Румыниядағы Фетешти әуе базасына барды.

Түркия Әуе күштерінің бес «F-16» ұшағы мен 111 әскери қызметкері Фетешти әуе базасында төрт ай бойы қызмет атқарады. 2026 жылдың 1 желтоқсанында Испания Әуе күштерінен әскери міндетті қабылдап алатын Түркия Әуе күштері 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін НАТО-ның әуе кеңістігін қорғауды қамтамасыз етеді.

Мерзифондағы 5-негізгі авиациялық база қолбасшысы, бригада генералы Алпер Гезеравджы журналистерге Түркия Қарулы күштерінің өңірлік және жаһандық деңгейде бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және ұжымдық қорғаныстың ең сенімді кепілдерінің бірі болып қала беретінін мәлімдеді.

Гезеравджы бұл миссияның НАТО-ның ортақ қауіпсіздік жүйесіндегі одақтастар ынтымақтастығы мен бірлесіп әрекет ету қабілетінің маңызды көрсеткіші екенін атап өтіп, былай деді: «Одақтастарымызбен бірлесіп атқаратын бұл міндет еліміздің және НАТО-ға мүше мемлекеттердің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген берік ұстанымымызды тағы бір рет көрсетеді. Түркия Әуе күштері қорғаныс пен бақылау міндеттерін атқарумен қатар, қажет болған жағдайда әскери операциялар барысында бастама көтере алатын, тежеу әлеуеті жоғары, заманауи әрі қуатты соққы беруші күш ретінде ерекшеленеді. Әскери даярлықтан бастап операцияларды жүргізуге, ұшу қауіпсіздігінен техникалық қамтамасыз етуге дейінгі барлық кезеңде сақталатын жоғары стандарттар  ̶  осы міндетті барынша тиімді атқаруымыздың негізі».

Эскадрильяның білікті әскери қызметкерлері Румыниядағы миссия барысында Түркияның, Түркия Қарулы күштері мен Әуе күштерінің абыройын жоғары тәртіп пен кәсіби шеберлік таныту арқылы асқақтататынын атап өткен Гезеравджы сөзін былай түйіндеді:

«Миссия барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, одақтастарымызбен үйлесімді жұмыс істей отырып, жүктелген міндетті лайықты атқарамыз. Осы орайда миссияға қатысатын барлық әскери қызметкерімізге зор табыс тілеймін. Халқымыз мақтан тұтатын бұл міндеттің аман-есен аяқталуына тілектеспін».

Іздеу
Әлемдік экономиканың жүрегі Паландөкенде соғады
Жүрдек пойыздар желісі кеңейіп келеді: 2030 жылы желіге 18 қала қосылады
АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты
Индонезияда алтын кенішін су басып, құтқару жұмыстары басталды
Мұнай бағасы төмендеді
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен соғысты қалаған уақытта аяқтай аламыз»
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Израиль шабуылынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Украина: «Ресейдің Запорожьеге жасаған шабуылынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, 41 адам жараланды»
Газада менингит ауруы көбейді