САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ХАМАС Трамптың бітім жоспарын қарастыруда
ХАМАС Саяси бюросының мүшесі Мұхаммед Наззал ұйымның түрлі фракция және араағайын елдермен кеңесіп жатқанын айтты.
ХАМАС Трамптың бітім жоспарын қарастыруда
ХАМАС Саяси бюросының мүшесі Мұхаммед Наззал ұйымның түрлі фракция және араағайын елдермен кеңесіп жатқанын айтты. / Reuters

ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілі АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Газаға қатысты бітім жоспарына жақын арада жауап беретіндерін мәлімдеді.

Мұхаммед Наззал Дохада «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында: «ХАМАС көптеген ескертуге қарамастан бұл жоспарды байыппен талқылап жатыр», -  деді.

Наззал қозғалыстың «қысым мен уақыт шектеуінсіз» жоспарды қарастырып жатқанын айтты. Сондай-ақ ол палестиналық топтардың тәуелсіз тұлғалар және араағайын елдермен кеңесіп жатқанын жеткізді. Ол ХАМАС-тың палестиналықтардың мүдделері мен Палестина ісінің стратегиялық ұстанымдарын ескеретінін атап өтті.

Трамптың жоспары

Ақ Үй 29 қыркүйек күні осы мәселеге байланысты егжей-тегжейлі жоспар ұсынған болатын. Бұл жоспарға сәйкес, Газа секторында атыс дереу тоқтатылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі және аймақтың саяси әрі қауіпсіздік құрылымдары қайта ұйымдастырылады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлем көшбасшылары Трамптың Газадағы бітім жоспарын құптады

Жоспарға сай Газа қарусыз аймаққа айналып, Дональд Трамптың тікелей қадағалауындағы уақытша әкімшілік құрылым арқылы басқарылатын болады.

Сондай-ақ жоспар мақұлданғаннан кейін 72 сағат ішінде барлық израильдік және жүздеген палестиналық тұтқындар босатылмақ. Құжатта қақтығыстардың тоқтатылуы, палестиналық тойтарыс күштерінің қарусыздандырылуы және Израильдің Газадан кезең-кезеңімен әскерін шығаруы қарастырылған. Кейін бұл аймақ АҚШ президентінің жетекшілігімен халықаралық бақылау аясында технократиялық билік арқылы басқарылатын болады.

Трамп ХАМАС-қа жауап беру үшін «үш-төрт күн» уақыт берілетінін айтып, бұл жоспардың Газада шамамен екі жылға созылған соғысты тоқтата алатынын алға тартқан болатын.

Израильдің Газадағы қантөгісі

Израиль әскері 2023 жылдың қазан айынан бері Газаға қарсы геноцид жүргізіп келеді. Израильдің шабуылдары салдарынан 66 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Израиль халықаралық қауымдастықтың атысты тоқтату туралы талаптарын қабылдамауда.

Сондай-ақ қиратылған үйлердің астында  шамамен 11 мың палестиналық қаза тапқан. Сарапшылар Газа билігі жариялаған ресми деректердің ақиқатқа жанаспайтынын, нақты қаза тапқандардың саны 200 мыңға жуық болуы мүмкін екенін алға тартты.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Үнсіз қырғын»

Халықаралық қылмыстық сот геноцид жасаушы Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа Газадағы соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алу туралы ордер шығарды. Сонымен қатар Израильдің Газадағы соғысы Халықаралық сотта геноцид ісі ретінде қаралуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы «Израиль Газада геноцид жасап жатыр» деген  қорытындыға келді. БҰҰ мен Адам құқықтарын қорғау ұйымдары аймақта өмір сүру мүмкін емес екенін, аштық пен аурудың таралуы гуманитарлық дағдарысты одан әрі ушықтырып отырғанын бірнеше рет ескертті.

Вашингтон өзінің одақтасы Израильге жыл сайын 3,8 миллиард доллар көлемінде әскери көмек беріп келеді. 2023 жылдың қазан айынан бері АҚШ Газадағы геноцид пен көрші елдерде жүргізілген соғыс қимылдарын қаржыландыру үшін Израильге 22 миллиард доллардан астам қосымша қолдау көрсетті.

Кейбір жоғары лауазымды америкалық шенеуніктер Израильді сынағанымен, Вашингтон қару-жарақ жеткізуді жалғастыруда. АҚШ-тың ықпалды сараптамалық орталығы Сыртқы қатынастар кеңесінің мәліметінше, АҚШ 1946 жылдан бері 310 миллиард доллардан астам әскери және экономикалық көмек көрсеткен.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті