ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль құрмасына  бойкот
Францияда орналасқан «EuroPalestine» қауымдастығының президенті бұл өнімдерді бойкоттау Израиль экономикасына теріс әсер ететінін мәлімдеді.
Израиль құрмасына  бойкот
Израиль құрмасына бойкот / AA

Франциядағы «EuroPalestine» қауымдастығы басып алынған Батыс Шериядағы заңсыз израильдік қоныстарда өндіріліп, Францияда сатылып жатқан құрмаларды алмауға шақырды.

Палестиналықтардың құқығын қорғайтын қауымдастық мұсылмандар құрма тұтынуды арттыратын қасиетті Рамазан айында израильдік өнімдерге бойкот жариялауға үндеді.

Қауымдастық төрағасы Оливия Земор сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Францияда сатылатын «Medjool» маркалы құрмалардың едәуір бөлігі заңсыз израильдік қоныстардан немесе оккупацияға қатысы бар компаниялардан жеткізілетінін айтты.

Земордың айтуынша, кейбір қаптамаларда шығарылған жері Иордания немесе Марокко көрсетілгенімен, өнімдердің шын мәнінде Израильден шыққаны анықталған.

Супермаркеттерде ақпараттандыру жұмыстары

Земор бойкот науқаны аясында кейбір еріктілер тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында супермаркеттерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Басты мақсат ˗ балама өнімдерді тұтынуға шақыру.

Земор Франция заңнамасына сәйкес сатушылар кептірілген жемістердің шыққан жерін нақты көрсетуге міндетті екенін еске салып, басып алынған Палестина аумақтарынан келген өнімдерді «Израиль» деп таңбалауға болмайтынын атап өтті.

Сондай-ақ бұл өнімдерді бойкоттау Израиль экономикасына теріс әсер ететінін алға тартқан Земор кейбір трансұлттық азық-түлік компанияларының да бойкот нысандарының қатарында екенін жеткізді.

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газаға қарсы геноцид соғысы салдарынан 72 000-нан астам палестиналық қаза тауып, 171 000-нан астам адам жараланды. Олардың басым бөлігі ˗ әйелдер мен балалар.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль армиясы қазан айында бекітілген атысты тоқтату келісіміне қарамастан Газаны бомбалап, келісімді бірнеше рет бұзған. Бұл шабуыл салдарынан  603 палестиналық қаза тауып, 1 618 адам жараланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль атысты тоқтату режимін қайта бұзды
Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты