ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Компания жаппай бақылау мен автономды қаруларға қатысты алаңдаушылықтарына байланысты жасанды интеллект моделіндегі қауіпсіздік тосқауылдарын алып тастаудан бас тартып отыр.
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
"Anthropic" басшысы ЖИ ұлттық қауіпсіздікке қолдау көрсете алатынын айтты. / Reuters

Жасанды интеллект саласындағы “Anthropic” компаниясы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ЖИ жүйелеріндегі қорғаныс шараларын жеңілдету туралы талабына жаппай бақылау және автономды қару жөніндегі алаңдаушылықтарға байланысты бағынбайтынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бас директор Дарио Амодей компанияның Claude атты ЖИ моделінің «жаппай ішкі бақылау» немесе «толықтай автономды қару» үшін пайдаланылуына қарсы екенін айтты.

Амодейдің айтуынша, жетілдірілген жасанды интеллект жүйелері адам бақылауынсыз мұндай қаруларды басқаруға жеткілікті деңгейде сенімді емес және қауіпсіздік шараларын қажет етеді.

Сонымен қатар ол жасанды интеллект ұлттық қауіпсіздікті қолдай алатынын, алайда ауқымды, ЖИ-ге негізделген бақылаудың азаматтық бостандыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Anthropic пен Пентагон бірнеше апта бойы келіссөз жүргізуде

Трамп әкімшілігі Anthropic компаниясын компанияларды ұлттық қорғаныс қажеттіліктеріне басымдық беруді міндеттеу өкілеттігін беретін Қорғаныс өндірісі туралы заңды қолданумен қорқытты.

Axios басылымының хабарлауынша, Пентагон Boeing пен Lockheed Martin компанияларынан Claude моделіне тәуелділіктерін егжей-тегжейлі баяндауды сұраған.

Ал Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл ведомствоның жасанды интеллектіні заңсыз бақылау немесе адам араласуынсыз толықтай автономды қарулар үшін пайдалануды көздемейтінін мәлімдеді.

X желісіндегі жазбасында Парнелл Пентагон Anthropic моделін «барлық заңды мақсат» үшін пайдалануды көздейтінін және операциялық шешімдерді жеке компанияның айқындауына жол бермейтінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп «Genesis Mission» атты жасанды интеллект жобасын бастады
ҚатыстыTRT Қазақ - 2025 жылы көп нәрсені өзгерткен жасанды интеллект
Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты