2025 жылға қарасақ, бұл жылдың жарқылдаған отшашулармен немесе миллиондаған адам тікелей тамашалаған айқын бір салтанатты сәтпен аяқталмағанын көреміз.
Шын мәнінде бәрін өзгерткен құбылыстар үнсіз пайда болды. Олар дерек орталықтарында, тоқсандық есептерде және техникалық мақалаларда көрініп, машиналардың не істей алатыны туралы түсінікті түбегейлі қайта ойлауға мәжбүр етті.
Желтоқсан айына жеткенде барлық сала бір жыл бұрын әлі де фантастика секілді боп көрінген идеялардың төңірегінде өз құрылымын үнсіз өзгертіп үлгерді.
Міне, биыл шын мәнінде өзгеріс жасаған бес нәрсе:
“Nvidia” мен “OpenAI” арасындағы 100 миллиард долларлық тарихи келісім
Бұл жаңалық сахнада салтанатпен жарияланған жоқ.
Қыркүйектің бір сейсенбі күнінде қысқа ортақ баспасөз хабарламасы тарады: “Nvidia” “OpenAI-ға” 100 миллиард долларға дейінгі көлемде H100, H200 және Blackwell GPU процессорларын, сондай-ақ оларды жұмыс істету үшін дерек орталығы алаңын және электр қуатын жеткізетін болды.
2026 жылдан бастап “ОpenAI” шамамен он гигаватттық есептеу қуатына (Жаңа Зеландияның жылдық энергия тұтынуына жуық) кепілдендірілген қолжетімділік алады.
Бұл келісім жасанды суперинтеллектке апарар жолды жеделдетіп, жылдамырақ әрі ауқымды жасанды интеллект дамуы арқылы адамзатқа пайда әкелуге мүмкіндік береді.
“OpenAI” ойланатын алғашқы моделі o3-ті нарыққа шығарды
“OpenAI” сәуір айында “o3” атты жаңа моделін жариялады.
Ең басты айырмашылық неде? o3 ойға келген бірінші жауабын бірден бермейді. Ол тоқтап, жоспардың эскизін сызады, фондық режимде шағын тест есептеулерін жүргізеді, өзін-өзі қайта тексереді. Кідіріс кейде екі секунд, кейде үш минутқа дейін созылады.
Алайда мұнда мәселе — әрбір ойланып берілген жауап бұрынғы «айт, сосын ұмыт» типті модельдерге қарағанда 10-20 есе көп энергияға түседі.
o3 кодтау, математика және ғылым салаларында жоғары өнімділік көрсете отырып қана қоймай, сонымен бірге аз шығынмен тиімді, көпқадамды мәселе шешу үшін агенттік негізіндегі құралдарды интеграциялайды.
“Gemini 3” кескін, видео және мәтінді өңдейтін жасанды интеллект үшін бәрін өзгертті
Қараша айында “Google” “Gemini 3” моделін жарыққа шығарды.
“Gemini 3” мәтін, кескін, видео, дыбыс және үш өлшемді нүктелік бұлттарды бір уақытта өңдейді.
“Gemini 3” мәтін, видео, дыбыс және кодты өңдей алатын табиғи көпмодальды мүмкіндіктерді ең жаңа деңгейдегі ойлау қабілетімен біріктіріп, барлық салада жоғары деңгейлі нәтижеге қол жеткізеді.
Технология сарапшыларының айтуынша, “Gemini 3” докторантура деңгейіндегі күрделі мәселелерді шеше алады және автономды түрде интерактивті шешімдер өндіретін құралдарға ие.

Қытайдың “DeepSeek V3” моделі бәсекелестікті теңестірді
Мамыр айында көпшілігіміз атын бұрын естімеген “DeepSeek” тобы “DeepSeek V3” моделінің барлық сандық параметрлерін ашық түрде жариялады.
“DeepSeek V3” батыстың жабық модельдерімен тек бәсекелесіп қана қоймай, көптеген ойлау және код жазу тапсырмаларында олардан айқын озып, мұның бәрін әлдеқайда аз электр тұтына отырып орындады.
Сан-Паулу, Бангалор және Лагостағы әзірлеушілер бірнеше апта ішінде португал, хинди, йоруба және суахили тілдеріне модельді дәлдеп баптады. Бұл тілдер ірі зертханаларда әлі де екінші кезекте қалып отыр.
“DeepSeek V3” математика, кодтау және логика бағыттарында өте жоғары нәтижелер көрсетіп, GPT-40 тәрізді қымбат жабық модельдермен деңгейлес болды. Бірақ толық ашық дереккөзді болғандықтан, кез келген адам оны еркін өзгертіп, қолдана алады.
“DeepSeek V3” сонымен қатар небәрі 5,6 млн долларлық оқыту шығынымен (яғни ірі бәсекелестер жұмсайтын қаражаттың бірнеше есе төмені) аса қабілетті жасанды интеллектті кәсіпкерлерге, әзірлеушілерге және күнделікті қолданушыларға бюджетіне салмақ салмай қолжетімді етті.
Автоном агенттер күнделікті жұмыс үдерістеріне ене бастады
Күзге қарай автоном агенттерге деген қызығушылық айқындалды.
Агенттер — жай ғана тапсырма тізімі бар чат-боттар емес; олар CRM жүйесін ашып, соңғы жеткізу құжатын оқи алатын, контейнердің кешігіп жатқанын байқап, жеткізушіге хат жолдайтын, ERP жүйесін жаңартатын және кешігу айыппұлды іске қосуы мүмкін болса, қаржы бөліміне ескерту жібере алатын шағын бағдарламалар. Ең маңыздысы — мұның барлығын оларға әр қадамды арнайы түсіндірмей-ақ орындайды.
Дегенмен оларға көшу толықтай оңай емес. Күрделі тапсырмаларда әлі де қателік жібереді және ірі қолданбалардың барлығы адам бақылауын қажет етеді.
Осының бәрін ескере отырып, “2025 жыл — болашақтың бізден рұқсат сұрауды доғарған жылы болды” деуге келмейді.
Технология жай ғана біртіндеп жақсарған жоқ; ол сонымен қатар адамдар бір нәрсе жасағысы келгенде автоматты түрде қолданатын жасанды интеллект деңгейіне өтті.
Жасанды интеллект қазірдің өзінде өміріміздің ішінде, қазірдің өзінде әлемдегі ең маңызды жұмыс ағындарының жартысын басқарып отыр.
Ал 2026 жылға қалған жалғыз сұрақ — осы жүйелерді кім басқарады? және жасанды интеллекттің алған бағытын ұнатып ұнайпайтынымыз.












