ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
АК партиясының өкілі Өмер Челик Иранға жасалған шабуылдың «әділетсіз, халықаралық құқыққа қайшы және заңсыз» екенін айтты.
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
АК Parti өкілі Өмер Челик Иранға жасалған шабуылдың «әділетсіз, халықаралық құқыққа қайшы және заңсыз» екенін айтты. / AA
 

Дүйсенбі күні Анкарада өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген АК партиясының өкілі Өмер Челик Иранға жасалған шабуылдың «әділетсіз, халықаралық құқыққа қайшы және заңсыз» екенін айтты. Ол дипломатиялық келіссөз жалғасып жатқан кезде жасалған әскери соққылардың «аса алаңдататын салдары» болатынын ескертіп, былай деді:

Челик бастауыш мектептің бомбалануы және бейбіт тұрғындар арасындағы шығындар мен діни, әскери және саяси жоғары лауазымды тұлғалардың қаза болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты. Челик тараптарды шұғыл түрде келіссөз үстеліне оралуға шақырды.

Бүкіл өңірді тұрақсыздандыру

БҰҰ-ға мүше мемлекеттің билігін нысанаға алу және ашық түрде режимді өзгерту туралы айту өңірдегі тұрақсыздықты күшейтетінін ескерткен Челик ұқсас әрекеттердің тарихи тұрғыда азаматтық соғыс пен ұзақ мерзімді тұрақсыздыққа әкелгенін айтты.

Оның айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін сылтау етіп немесе Израильдің радикалды сыртқы саяси күн тәртібін қолдау мақсатында жасалған араласу тұтас өңірді тұрақсыздандырады. Сонымен қатар ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық тәртіптің әлсіреу қаупіне ұшырағанын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі Фидан әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті

Алдын алу шаралары

Иран халқымен ынтымақтастықта екенін білдірген Челик Тегеранды да қақтығысты үшінші елдерге қарсы бағытта кеңейтпеуге шақырып, «Иран өзін қорғау құқығы мен бұл құқықты өңірлік соғысқа айналдырудың арасындағы айқын айырмашылықты сақтауы керек» деді.

Челик Анкараның жағдайды мұқият бақылап отырғанын және өңірлік шиеленістің ушығу қаупін қоса алғанда түрлі сценарийлерге дайындық жасап жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркия билігі төрт негізгі бағыт бойынша жағдайды қадағалауда: Иран шекарасынан болуы мүмкін жаппай көші-қон толқыны, Ормуз бұғазы секілді энергетикалық бағыттарға байланысты экономикалық ауытқулар, ұлттық қауіпсіздікке дайындық және шетелдегі Түркия азаматтарының қауіпсіздігі.

«Мемлекеттік құрылымдар толық үйлестіру аясында қажетті дайындықтарды жүргізіп жатыр», - деді Челик. Ол елшіліктер мен бас консулдықтардың зардап шеккен елдерден кеткісі келетін түрік азаматтарына тәулік бойы көмек көрсетіліп жатқанын білдірді.

Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы шабуыл бастағаны хабарланды. Шабуылдардан Иранның кейбір жетекшілері, соның ішінде Діни көшбасшы Әли Хаменеи қаза тапқаны хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»