ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
“USS Abraham Lincoln” кемесінің Таяу Шығыстағы ұзартылған қызмет мерзімі кезінде сегіз суицид әрекеті тіркелді.
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
«USS Abraham Lincoln» Таиландтың Чонбури провинциясындағы Лаем Чабанг портына қарай бет алуда, 2026 ж 2 қыркүйек [МҰРАҒАТ]. / Reuters
 

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, “USS Abraham Lincoln” кемесінің Таяу Шығыстағы ұзартылған қызмет мерзімі кезінде сегіз суицид әрекеті тіркелді. Бұл жағдай теңізшілердің тұрмыс жағдайы мен психикалық денсаулығына қатысты алаңдаушылық туғызды.

АҚШ-тың бір заң шығарушысының мәліметінше, Трамп әкімшілігі АҚШ-қа тиесілі әуе тасымалдағышының Таяу Шығыстағы ұзартылған миссиясы кезінде америкалық әскери қызметкерлер тарапынан сегіз суицид әрекеті жасалғанын хабарлады.

Бұл ақпарат Әскери-теңіз күштері министрінің міндетін атқарушы Хунг Каоның демократ сенатор Кирстен Джиллибрандтың “USS Abraham Lincoln” кемесіндегі жағдайға қатысты сұрақтарына жауап ретінде жолдаған хатында белгілі болды.

Кеме өткен жылдың қараша айында теңізге шыққаннан бері тұрмыс жағдайының нашарлағаны және психикалық денсаулыққа қатысты мәселелердің көбейгені туралы хабарлар АҚШ-та баспасөз тақырыптарына шығып, Иранға қарсы жүргізіліп жатқан америкалық соғысқа қатысты сын-пікірлерге түрткі болды.

Әскери-теңіз күштерінің ең жоғары лауазымды азаматтық басшысы саналатын Әскери-теңіз күштері министрінің хатында: «Lincoln кемесінің миссиясы басталғалы бері соққы беру тобы бойынша сегіз суицид әрекеті болды», - делінген.

Алаңдатарлық жағдай

Хатта суицид әрекеттеріне қатысты басқа да мәліметтер берілді. Оған сәйкес, әуе қанатында қызмет ететін бір теңізші «тамыз айының басында кемеден теңізге секірген», алайда іздестіру-құтқару тікұшағы оны жедел құтқарып, қосымша тексеру мен ем алу үшін кемеден эвакуациялаған.

Тағы бір теңізші «наурыз айында кемеден секіруге әрекеттенген, алайда кеме жолдастары оған кедергі келтірген», содан кейін ол негізгі базасына қайтарылған.

Lincoln 2025 жылдың қараша айында Оңтүстік Қытай теңізіндегі миссиясына қатысу үшін Калифорниядан шыққан, алайда 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған АҚШ пен Израиль шабуылдары қарсаңында оның бағыты Таяу Шығысқа өзгертілген еді. Кеме теңізде 286 күн өткізгеннен кейін қыркүйек айының басында Таиланд портына тоқтады.

Тамыз айында әскери қызметкерлердің отбасылары мен заң шығарушылар суицид әрекеттеріне, психикалық денсаулыққа қатысты басқа да күрделі мәселелерге, азық-түлік тапшылығы мен жеткіліксіз гигиеналық жағдайларға байланысты алаңдаушылық білдірген еді.

Бұл мәлімдемелерді сол кезде Трамп жоққа шығарған болатын. АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет те кемедегі жағдайдың «бұрмаланып көрсетілгенін» мәлімдеген еді.

Іздеу
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды