ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Киевте Ресей шабуылдарынан тоғыз адам қаза тапты
Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі шабуыл салдарынан кемінде тоғыз адамның қаза тауып, 34 адамның жараланғанын хабарлады.
Киевте Ресей шабуылдарынан тоғыз адам қаза тапты
Ресейдің Киевке жасаған түнгі зымыран және дрон соққыларының салдары. / Reuters

Президент Владимир Зеленский Мәскеудің «ауқымды шабуылға» дайындалып жатқаны туралы ескерткеннен кейін көп ұзамай, бейсенбі күні таңертең Ресей зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы Украина астанасы Киевке шабуыл жасады. Соның салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Киевке «ауқымды соққы» жасағанын мәлімдеп, бұл әрекетті «Киев режимінің азаматтық инфрақұрылымға қарсы террорлық шабуылдарына жауап ретінде жасалған соққы» деп сипаттады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді

Шабуыл Украина Әуе күштері баллистикалық зымырандардың астанаға қарай бағыт алғаны туралы ескерту жасағаннан кейін болды. Ал Зеленский сәрсенбі күні Ресейдің алдағы шабуылы жөніндегі барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Дублинге жасаған сапарын мерзімінен бұрын аяқтады.

AFP агенттігінің Киевтің орталық және шығыс бөліктеріндегі тілшілері оннан астам жарылыс дыбысын естігенін хабарлады. Сондай-ақ олар балаларын және үй жануарларын ерткен тұрғындардың метро станцияларына паналауға асыққанына куә болғанын жеткізді.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі шабуылдардан тоғыз адамның қаза тауып, 34 адамның жараланғанын растады.

Киев қаласының әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко Ресейді бейбіт тұрғындар мен тұрғын үй аудандарын әдейі нысанаға алды деп айыптады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда

Зеленский жаңа шабуылдар болуы мүмкін екенін ескертті

Зеленский сәрсенбі күні Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқаны туралы барлау мәліметтеріне байланысты Дублиннен мерзімінен бұрын оралғанын айтып,

«Азаматтарымызға ерекше сақ болуға, өздерін, балаларын және, әрине, отбасыларын қорғауға, паналау орындарын пайдалануға және Украинадағы әуе дабылы туралы ескертулерге мұқият назар аударуға кеңес беремін», – деді.

Сондай-ақ Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің бұл шабуылды біраз уақыттан бері жоспарлап келгенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Украина да соңғы апталарда Ресей аумағындағы энергетикалық инфрақұрылым мен әскери нысандарға бағытталған алыс қашықтықтағы ҰҰА шабуылдарын күшейтті.

Ресей билігі шекаралас өңірлерге қайталанып жатқан шабуылдар туралы хабарлап отыр. Мәскеу әуе қорғаныс күштері соңғы күндері Украинаға тиесілі жүздеген ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғанын мәлімдейді.

АҚШ-тағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының сәрсенбі күні жариялаған зерттеуіне сәйкес, Ресейдің Украинадағы әскери операциясы екі миллионнан астам әскери шығынға әкелген. Зерттеуде бұл шығындардың басым бөлігі Ресей күштеріне тиесілі екені айтылған.

АҚШ жетекшілік етіп отырған соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық күш-жігер әзірге нәтиже берген жоқ.

Зеленский сәрсенбі күні X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында: «Ресей басшысы соғысты аяқтаудан мүлде бас тартып отыр», – деп жазды.

Ол Украинаның түрлі ресми және бейресми арна арқылы келіссөз жүргізуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдегеніне қарамастан, Мәскеу шабуылдарын жалғастырып отырғанын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Харьков облысындағы шабуылда үш бала қаза тапты
Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?