САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бері 9 000 америкалық Таяу Шығыстан қашты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қазіргі уақытта 1 600-ге жуық америкалықтың көмек сұрап отырғанын мәлімдеді.
Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бері 9 000 америкалық Таяу Шығыстан қашты
Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бері 9 000 американдық Таяу Шығыстан қашты / Reuters

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сенбі күні АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары басталғаннан бері шамамен 9 000 америкалықтың Таяу Шығыстан қашқанын жеткізді.

Рубио бұл мәлімдемесін сейсенбі күні АҚШ пен Израиль Тегеранды бомбалап жатқан сәтте жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп төртінші күніне аяқ басқан соғысты тоқтату мақсатында Иранмен келіссөз жүргізу үшін енді «тым кеш» екенін ескертті. Соғыста жүздеген ирандықтың, соның ішінде 165 бала мен мектеп қызметкерінің, сондай-ақ АҚШ-тың алты сарбазының қаза тапқаны хабарланды.

Тегеран қарымта соққы беру кезінде ұшқышсыз ұшақтар және зымырандармен Шығанақтағы мұнай нысандарын және АҚШ-тың дипломатиялық миссияларын нысанаға алды. Израиль болса Иран қолдайтын «Хезболла» қақтығысқа араласқаннан кейін Ливанның ішкері аумақтарына еніп, аталған топпен шайқасты.

Рубио журналистерге берген сұхбатында қазіргі уақытта 1 600-ге жуық американдықтың көмек сұрап жатқанын айтты. Сондай-ақ ол сейсенбі күні Дубайдағы АҚШ консулдығының іргесінде ұшқышсыз ұшақ шабуылы болғанын растап, барлық қызметкердің аман екенін білдірді. «Өкінішке орай, ұшқышсыз ұшақ консулдық ғимаратының жанындағы автотұраққа түсіп, өрт шықты. Барлық қызметкерлеріміз қауіпсіз жерде» деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

Демократтар мен кейбір республикашыл сенаторлар көбірек ақпарат талап еткендіктен, Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары лауазымды кеңесшілері Конгресс мүшелеріне АҚШ-Израильдің Иранға қарсы соғысы туралы түсіндіруге тырысқан сәтте Рубио журналистермен сөйлесті.

Қорғаныс министрі Пит Хегсет, Орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф және Бас штаб бастығы генерал Дэн Кейн алдымен Сенаттың барлық 100 мүшесіне, кейіннен 432 мүшесі бар Өкілдер палатасына брифинг береді деп жоспарланды.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды