САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Оскар жүлдегері Хамдан Баллалға шабуылдап, тұтқынға алды
Палестиналық режиссер Хамдан Баллал өзі танитын бір қоныстанушының шабуылдағанын айтты.
Оскар жүлдегері Хамдан Баллалға шабуылдап, тұтқынға алды
/ AP

Оскар сыйлығын жеңіп алған "No Other Land" деректі фильмінің режиссері Хамдан Баллал Израильдің заңсыз қоныстанушылары тарапынан көрген азаптары мен зорлық-зомбылықтары туралы айтып берді.

Баллал сейсенбі күні қоныстанушылардың көршісінің үйіне шабуыл жасағанын түсіріп алғаннан кейін, өз үйіне шабуыл жасалмауын қадағалау үшін сыртта тұрғанын айтты.  «Егер қоныстанушылар немесе әскер үйіме шабуыл жасаса, оларды тоқтату үшін мен тек сыртта күтіп тұрдым, ," – деді ол «Reuters» агенттігіне.

Ол әскерилердің өзін жерге құлатып,  артынан айқайлап қайта тұруын бұйырып, қаруларын бағыттағанын айтты. "Бұл ақылға қонымсыз. Отбасыңды, балаларыңды қорғау керек екенін елестетіп көріңіз," – деді ол.

Қоныстанушылардың бірі басын "футбол добы сияқты" тепкенін айтты. Бұл шабуыл оның ауылында болған.

Бұл оқиғадан сәл бұрын, дүйсенбі күні Израиль қоныстанушылары Әл-Халил маңындағы Сусия ауылында ауызашарға жиналғандарға шабуыл жасаған еді.

Нысанаға алынды

"No Other Land" фильмі палестиналық қоғамның Израиль тарапынан көшірілуін баяндайды. Бұл фильм палестиналық және израильдік режиссерлердің бірлескен жұмысы болып табылады және биылғы Оскар сыйлығында "Үздік деректі фильм" номинациясын жеңіп алды.

Баллал шабуыл жасаған қоныстанушылардың бірін бұрыннан білетінін айтты. "Бұл бірінші рет болған оқиға емес, – деді ол, - Ол менің үйіме бірнеше рет шабуыл жасады және сиырларын менің бақшамда жайды."

Баллал иврит тілін білмейді, бірақ ол қоныстанушылар шабуылдаған кезде өзінің есімін және "Оскар" сөзін естігенін айтты. "Олардың мені арнайы нысанаға алғанын түсіндім, – деді ол, - Олар 'Оскар' деп айтқанда, сіздің атыңызды айтқанда, түсінесіз."

Израиль әскері Баллалдың әскерилер тарапынан соққыға жығылғаны туралы айыптауларға бірден жауап бермеді. Баллал танитын қоныстанушы Шем Тов Луски оны ұрғанын жоққа шығарды.

 

Іздеу
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"