Польшаның Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Магдалена Собковяк-Чарнецка Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін мәлімдеді.
Келіссөздер жүргізу үшін астана Анкараға келген Собковяк-Чарнецка «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында Польша мен Түркия арасындағы қорғаныс ынтымақтастығының өз министрлігі үшін маңызды мәселе екенін атап өтті.
НАТО аясында екі елдің әскери қызметшілері бір-бірінің қауіпсіздігіне қолдау көрсетіп отырғанын айтқан Собковяк-Чарнецка ынтымақтастықтың келесі кезеңін поляк және түрік инженерлерінің бірлесіп қалыптастырғанын қалайтынын жеткізді.
Түркияның армияны жаңғырту ісін экономикалық даму стратегиясымен қатар жүргізіп отырғанына назар аударған Собковяк-Чарнецка бұл тәсілдің отандық өнеркәсіпті, ғылымды, жұмыспен қамтуды және экспортты да қолдайтынын атап өтті.
Собковяк-Чарнецка Польшаның қорғаныс саласындағы жұмыстарында Түркияның тәжірибесі мен шешімдері қолданылатынын мәлімдеді.














