ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Халықаралық экипаж ғылыми зерттеу үшін ғарышқа аттанды
"Axiom Space" компаниясының Халықаралық ғарыш станциясы миссиясына Польша және Венгриядан келген экипаж мүшелері мен станцияға алғаш рет баратын үндістандық ғарышкер қатысады.
Халықаралық экипаж ғылыми зерттеу үшін ғарышқа аттанды
/ Reuters

Үндістан, Польша және Венгрия 40 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет ғарышкерлерін ғарышқа жіберді. Олар Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеке рейспен аттанды.

“SpaceX” компаниясының “Falcon” зымыраны NASA-ның Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылды. Бұл рейс ғарыш станциясындағы ақауға байланысты екі аптаға кешіктірілген болатын.

“SpaceX” мәліметінше, экипаж стансада 60-тан астам ғылыми эксперимент пен технологиялық демонстрацияларын жүзеге асырады. Олар адам зерттеулері, Жерді бақылау, биологиялық зерттеулер және материалтану салаларына бағытталған.

Үш ел екі апталық миссияның шығындарын бөлісті. Хьюстондағы “Axiom Space” компаниясы бұл миссияны ұйымдастырып, әрбір ғарышкердің билеті 65 миллион доллардан асатынын мәлімдеді.

NASA мәлімдемесіне сәйкес, экипаж бейсенбі күні ХҒС-қа жетеді деп жоспарланған.

Техникалық мәселелер мен қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты кешіктірілген бұл миссия Үндістан үшін маңызды оқиға болып табылады. Себебі топ капитаны Шубханшу Шукла ХҒС-қа баратын алғашқы үндістандық болмақ.

“Топ капитаны Шукла Халықаралық ғарыш станциясына барған алғашқы үндістандық болуға жақын,” – деп Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди “X” әлеуметтік желісінде хабарлады.

Миссияны басқарушы – NASA-ның бұрынғы ғарышкері және “Axiom Space” компаниясының ғарыштық ұшу бағдарламасының директоры Пегги Уитсон. Миссияның екі маманы – Еуропалық ғарыш агенттігінің жобалық ғарышкері, польшалық Славош Узнаньски-Вишневски және венгриялық Тибор Капу.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты