САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
Дмитрий Песков: «Бұл мәселеде түрік тарапына ризашылығымызды білдіреміз», – деді.
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украина дағдарысын реттеуге бағытталған келіссөздерді Түркияның араағайындығымен қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.

«Бұл мәселеде түрік тарапына ризашылығымызды білдіреміз», – деді ол.

Дмитрий Песков Мәскеуде журналистердің сауалдарына жауап беріп, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Оған: «Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді ұйымдастыру жұмысын жалғастыратынын айтты және мәселені шешуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерге тоқталды. Кремль Украина мәселесі бойынша келіссөздердің Түркияның араағайындығымен қайта басталу мүмкіндігін қалай бағалайды?» – деген сұрақ қойылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина Сыртқы істер министрі Сибига «Бейбітшілік үшін Түркияның делдалдығы «өте маңызды» деді

Песков бұл сұраққа былай деп жауап берді:

«Түркиядағы достарымыздың Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған бастамаларды жалғастыруға дайын екенін білеміз. Бұл мәселеде түрік тарапына ризашылығымызды білдіреміз. Таяуда келіссөздерді қайта бастауға мүмкіндік бар деп айтуға негіз жоқ. Біз мұндай жағдайды көріп отырған жоқпыз. Соған қарамастан Ресей тарапы келіссөздерге дайын».

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды