ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Харьковтегі тұрғын үйге жасалған Ресей шабуылынан бірнеше адам қаза тапты
Польша бұл шабуылға жауап ретінде әскери ұшақтардың әуеге көтерілгенін мәлімдеді.
Харьковтегі тұрғын үйге жасалған Ресей шабуылынан бірнеше адам қаза тапты
Харьковтегі тұрғын үйге жасалған Ресей шабуылынан бірнеше адам қаза тапты / Reuters

Ресми тұлғалардың хабарлауынша, сенбі күні таңертең ерте басталған Ресей шабуылдарында Украина бойынша кем дегенде алты адам қаза тапты.

Харьков облысындағы көпқабатты тұрғын үйге жасалған соққыдан кейін үйінділер астынан бес адамның мәйіті табылды, сонымен қатар Днепр облысында бір адам көз жұмды.

Харьков мэрі Игорь Терехов бұған дейінгі мәлімдемесінде құтқарушылардың қаланың Киев ауданындағы тұрғын үй үйінділерінен үш адамның денесін тапқанын айтқан болатын. Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Олег Синегубов “Telegram-дағы” парақшасында шабуыл салдарынан он адамның, соның ішінде екі баланың (6 және 11 жастағы) және 17 жастағы бойжеткеннің жараланғанын хабарлады.

Синегубов бес қабатты ғимараттың шабуылдан кейін «іс жүзінде жойылғанын» айтып, құтқарушылар үйінді астында қалды деп қауіптенген тағы 10 адамды (ішінде бір бала бар) іздестіріп жатқанын жеткізді.

Польшаның әскери реакциясы

НАТО мүшесі Польша көршілес Украина аумағына жасалған шабуылдардың жиілеуіне байланысты әскери ұшақтарын әуеге көтергенін хабарлады.

Польша Қарулы Күштерінің Жедел қолбасшылығы Ресейдің Украинаға жасаған зымыран соққыларына орай елдің әуе кеңістігінде әскери ұшақтардың міндетке шыққанын мәлімдеді. Қолбасшылық “X” платформасында Ресей Федерациясының Украинаға бағытталған зымырандық шабуылдарына байланысты Польша әуе кеңістігінде әскери авиация бөлімшелері іске қосылғанын жариялады.

Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы дабыл қағылды. Харьков облысындағы Чугуев қаласының мэрі Галина Минаева «дұшпанның ұшқышсыз ұшақ шабуылы» салдарынан бір үйде екі адамның жараланғанын айтты.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті