ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Министр Болат ахуал өзгерген жағдайда жедел әрекет ету үшін төтенше жоспар мен іс-қимыл аясының жаңартылғанын мәлімдеді.
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Түркия мен Иран шекарасында шектеу / AA

Түркия Сауда министрі Өмер Болат дүйсенбі күні Түркия мен Иранның жолаушылардың күнделікті шекарадан өтуін тоқтатқанын мәлімдеді.

Министр жазбаша мәлімдемесінде өңірде болып жатқан және жаһандық деңгейде әсері сезілген оқиғаларға байланысты Түркияның Иранмен шекарадағы кеден бекеттеріндегі жағдайды жан-жақты бағалағанын атап өтті. Ол екі ел арасындағы негізгі шекара өткелдеріндегі ахуал тұрақты екенін және төтенше жағдай тіркелмегенін жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

Министрдің мәліметінше, жүк тасымалы Түркия-Иран шекарасындағы үш негізгі өткел Агры–Гүрбулак, Ван-Капыкөй, Хаккяри-Есендере арқылы бақылаумен және үздіксіз жалғасып жатыр. Екі ел арасындағы сауда ағыны тиісті әкімшілік органдардың үйлестірілген бақылауы аясында жүргізілуде.

Алайда екі тарап жолаушылардың күнделікті шекарадан өтуін келесі шешім қабылданғанға дейін уақытша тоқтатуға келісті. Болаттың айтуынша, Иран өз азаматтарының Түркия арқылы елге қайтуына рұқсат беруді жалғастыруда, ал Түркия өз азаматтарымен қатар үшінші ел азаматтарының да Ираннан кіруіне мүмкіндік беруде.

Министр: «Кеден бекеттеріндегі қозғалыс барлық органдармен және Иран тарапымен үйлескен түрде бақылауда, әрі үздіксіз жалғасып жатыр», - деді.

Сауда министрлігі қажет болған жағдайда қосымша шаралар енгізу мүмкіндігін де қарастырғанын хабарлады. Соған сәйкес мемлекеттік мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейту және жергілікті деңгейдегі операциялық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған дайындықтар қайта қаралды.
Қосымша қызметкерлер тарту және бақылау инфрақұрылымын жетілдіру бойынша қажетті шаралар аяқталды.

Болат шекарадағы қызметтік өткелдер мен сауда тасымалы тоқтаусыз жалғасуы үшін барлық бөлімшелер жоғары дайындық режимінде тұрғанын айтты.
Министрлік жағдайды мұқият бақылауды жалғастырып, қауіпсіз, реттелген және тиімді өтуді қамтамасыз ету үшін барлық мекемелермен толық үйлесімде қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

 

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді