САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Нетаньяху Иранның жаңа рухани көсеміне қоқан-лоқы көрсетті
Беньямин Нетаньяху Вашингтонмен бірлескен шабуылдарды қолдап, Хезболлаға қарсы соққылар жалғасатынын мәлімдеді.
Нетаньяху Иранның жаңа рухани көсеміне қоқан-лоқы көрсетті
Нетаньяху Иранның жаңа рухани көсеміне қоқан-лоқы көрсетті / AA

Соғыс басталғалы бері өткізілген алғашқы баспасөз мәслихатында Нетаньяху Иранның жаңа рухани көсеміне жанама түрде қоқан-лоқы көрсетіп, Иранға қарсы жүргізіліп жатқан Израиль-АҚШ-тың бірлескен соғысын қорғады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды

Бейсенбі күні сөйлеген сөзінде Нетаньяху шамамен екі аптаға созылған АҚШ-Израиль әуе соққыларынан кейін Иранның жағдайының бұрынғыдай емес екенін айтты. Оның айтуынша, Тегеранның Ислам революциясы сақшылар корпусы мен Басидж атты әскерилендірілген күштері елеулі соққыға ұшыраған.

Бейнебайланыс арқылы сұрақтарға жауап берген Нетаньяху Ливандағы Хезболланы нысанаға алуды жалғастыратынын айтты. Иран қолдайтын бұл топ Иранның рухани көсемінің өлтірілуіне жауап ретінде 2 наурызда оқ жаудырған болатын.

АҚШ президентімен тығыз байланыс

Нетаньяху Израильдің Иранның жаңа рухани көсемі Моджтаба Хаменеи мен Хезболла жетекшісі Наим Касымға қарсы қандай қадам басылатыны туралы сұраққа нақты жауап беруден бас тартты. Ол: «Террорлық ұйымның ешбір жетекшісіне сақтандыру кепілдігін бермес едім», - деп ескерту жасады.

«Біз жоспарымыз немесе қандай әрекет жасайтынымыз туралы нақты мәлімет беруді ойлап отырған жоқпыз», – деді Нетаньяху. Ол сондай-ақ Иран мен Хезболланың енді соғысқа дейінгі деңгейдегідей қауіп төндірмейтінін айтты.

Нетаньяху қақтығыс барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен жиі байланыста болғанын да мәлімдеді. Оның айтуынша, олар күн сайын сөйлесіп, әңгімелері еркін әрі ашық форматта өткен.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді

 

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті