ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Сыртқы істер министрі Ресейде Лавровпен кездесті
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-Иран келісімін құптайтындарын білдіріп, Ормуз бұғазының жаһандық сауда мен тұрақтылық үшін өміршең мәнін сақтап отырғанын баса айтты.
Түркия Сыртқы істер министрі Ресейде Лавровпен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі Ресейде Лавровпен кездесті / Reuters

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз, еркін және үздіксіз кеме қатынасын сақтау аймақтық тұрақтылық, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және халықаралық сауда үшін өміршең маңызға ие екенін атап өтті.

Сейсенбі күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген кездесуінен кейін сөйлеген Фидан Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында қол жеткізілген келісімді құптайтындарын мәлімдеп, бұны аймақтағы шиеленісті азайта алатын маңызды дипломатиялық бетбұрыс ретінде сипаттады.

Министр Фидан: «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырза да атап өткендей, ең үлкен тілегіміз — аймағымыз бен бүкіл әлемге тыныс сыйлаған бұл қадамның уақытша тыныштық кезеңімен ғана шектеліп қалмай, құрылымдық әрі тұрақты қауіпсіздік архитектурасына айналуы», — деген тұжырым жасады. Түркияның бұл келісімнің соңғы қол қою кезеңіне өтуін, толықтай жүзеге асырылуын және тұрақты дипломатиялық негізге ие болуын үміт ететінін де сөзіне қосты.

Фидан: «Нақты қол қойылатын осы бір нәзік үдерісте бейбітшілік атмосферасына нұқсан келтіретін риторикалардан және Израильдің процесті бұзуға бағытталған ықтимал әрекеттерінен аулақ болу үлкен маңызға ие», — деді.

«Ормуз жаһандық энергетикалық қауіпсіздік үшін өміршең мәнге ие»

Түрік дипломатиясының басшысы АҚШ пен Иран көшбасшыларының танытқан саяси ерік-жігері келісімге қол жеткізуде маңызды рөл атқарғанын баса айтты. Фидан: «Пәкістанның араағайындық күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Катар мен Сауд Арабиясының дипломатиялық бастамаларға көрсеткен қолдауын құптаймыз», — деді.

Ормуз бұғазының маңыздылығына назар аударған Фидан: «Ормуз бұғазының соғысқа дейінгідей барлық кемелердің қауіпсіз, еркін және үздіксіз өтуі үшін ашық ұсталуы тек аймақтық тұрақтылық тұрғысынан емес, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен халықаралық сауда үшін де өміршең мәнге ие», — деді.

Министр Фидан Түркияның бұл келісім кең ауқымды аймақтық бейбітшілік үдерісіне жол ашады деп үміттенетінін білдіріп, Анкараның мұндай талпыныстарды қолдауды жалғастыратынын қайталады.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?