Германияның Шлезвиг-Гольштейн федералды жеріне қарасты Мёльн қаласында 1992 жылғы 23 қарашада әсіре оңшылдар өртеп жіберген үйде қаза тапқан 3 түрік азаматы (оның екеуі бала) еске алынды.
Нәсілшілдікті айыптау және осындай шабуылдарды ұмыттырмау мақсатында ұйымдастырылған еске алу шарасына қырғында жақындарынан айырылған Арслан отбасы, Мёльн мэрі Инго Шепер, Түркияның Гамбургтегі Бас консулы Берати Алвер, Шлезвиг-Гольштейн түрік қауымдастығы бастаған көптеген неміс және түрік үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бас консул Берати Алвер мен Инго Шепер өртенген үйдің алдына гүл шоқтарын қойды.
Еске алу шаралары аясында Фатих мешітінде Құран Кәрім бағышталды.
34 жыл бұрын өртелген үйдің алдына келген бірқатар азамат та гүл қойып, қаза тапқандарды еске алды.
Келесі жылы трагедияның 35 жылдығы болуына байланысты федералды жердің астанасы Киль қаласында ауқымды іс-шара өткізілетіні белгілі болды.
Мёльн қаласында 1992 жылғы 23 қарашада өртелген үйде 10 жастағы Йелиз Арслан, 14 жастағы Айше Йылмаз және 51 жастағы Бахиде Арслан қаза тапқан болатын.
Шабуылды жасаған 2 неонацист өмір бойына бас бостандығынан айырылғанына қарамастан, 15 жыл түрмеде отырып, бостандыққа шыққан еді.




















